Солодухин И.В.

Солодухин Иван Васильевич. 1950
Фрунзе көркем училищесін (1974), Қиыр шығыс мемлекеттік өнер институтының көркем кескіндеме факультетін, (Владивосток,1979); ПҒА КСР ҒЗИ-да көркем тәрбие беру бөлімінің аспирантурасын бітірген, Мәскеу (1985). 1980-ші жылдары Н.К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтында сабақ берді, кескіндеме кафедрасының меңгерушісі, факультет деканы қызметін атқарған. Облыстық, республикалық және халықаралық көрмелердің қатысушысы. 1991 жылдан бастап Омбы қаласында тұрады. Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушысы, академиялық сурет кафедрасының профессоры, педагогика ғылымының кандидаты. Ресей СО мүшесі (1991). 2004 жылы «Мамыр айы таңы» атты жұмысы Мәскеуде өткен «Россия – X» бүкілодақтық көркем көрмеде қойылды. Натюрморт, пейзаж, портрет және тақырыптық картиналар жанрында жұмыс жасайды.
