KKҚазақшаRUРусскийENEnglish
Руханият әлемі
Руханият әлемі
ЖаңалықтарАфишаМекемелерТұлғаларМедиаБасқарма

Басқарма

Жалпы мәліметтер

Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы 2022 жылы 18 шілдеде құрылды. Мекеме облыста мәдениетті, облыс халықтарының мәдени мұрасын сақтауды, тарихи мұраны қорғауды, мемлекеттік тілдің қызметін кеңейтуді және архив ісін дамытуды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

Орналасқан жері: Абай облысы, Семей қаласы, Достоевский көшесі 110.

E-mail: madeniet.kense@akimatabai.gov.kz

Басшылық

Омархан Жанжігіт Абзалбекұлы — Басқарма басшысы.

1988 жылы 4 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданында дүниеге келген. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін (Журналистика, Құқықтану), Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін (Мемлекеттік және жергілікті басқару) тәмамдаған. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтік ғылымдар магистрі.

Еңбек жолын 2009 жылы «Астана» телеарнасында тілші болып бастаған. Әр жылдары Ауыл шаруашылығы, Көлік, Индустрия министрліктерінде және ШҚО әкімі аппаратында баспасөз хатшысы қызметтерін атқарды. 2025 жылғы 12 маусымнан бастап Басқарма басшысы лауазымына бекітілді.

Қызметтің негізгі бағыттары

  • Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
  • Театр, цирк, музыка, кино, кітапхана, музей және архив ісі ұйымдарын құру және үйлестіру;
  • Облыстық және халықаралық байқаулар мен фестивальдер өткізу;
  • Тарихи-мәдени мұра объектілерін есепке алу, қорғау және реставрациялау;
  • Креативті индустрияны дамыту және дарынды жастарды қолдау;
  • Тіл туралы заңнаманың сақталуын бақылау және ономастика жұмысын қамтамасыз ету;
  • Ұлттық архив қорын жинақтау, сақтау және пайдалану.

Құрылымы

Жалпы штат саны — 24 бірлік (Басшы — 1, орынбасарлар — 2, бөлім басшылары — 4, мамандар — 17).

Бөлім атауыШтат саныСанаты
Басшылық3D-O-1, D-O-2
Мәдениет және өнер бөлімі6D-O-3, D-O-4, D-O-5
Тарих-мәдени мұра, архив және құжаттама бөлімі5D-O-3, D-O-4
Жоспарлау, бухгалтерлік есеп және мемлекеттік тапсырыс бөлімі5D-O-3, D-O-4
Тілдерді дамыту және ономастика бөлімі5D-O-3, D-O-4

Қызметтің негізгі көрсеткіштері (2024-2025)

Көрсеткіш20242025Динамика
Мәдениет объектілерінің саны296298+2
Ірі мәдени шаралар25100++300%
Театр көрермендері33 10039 564+19,5%
Кітапхана оқырмандары61 20063 532+3,8%

Әлеуметтік маңыздылығы

Абайдың 180 жылдығы — 2025 жылдың басты жобасы. 100-ден астам іс-шара өткізіліп, мерекелік шараларға 40 000-нан астам адам қатысты.

Жетістіктер: Абай атындағы театр және «Дариға-ай» труппасы халықаралық байқауларда Бас жүлде иеленді. Ономастика саласында 22 көше қайта аталып, Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлер есімі көшелерге берілді.

Жетістіктері мен марапаттары

«Жарнама - тіл тазалығының көрінісі» республикалық конкурсында Семей қаласының «Adal as» ұлттық өнімдер дүкені мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін бас жүлдеге ие болды.

Ономастика саласында да жүйелі жұмыс атқарылып келеді. 2024–2025 жылдарға арналған жол картасына сәйкес 22 көше қайта аталып, атауы жоқ 22 көшеге жаңа атау берілді.

Сонымен қатар, ҰОС Жеңістің 80 жылдығына орай, ардагерлер мен Кеңес Одағы батырларының есімдерін ұлықтау мақсатында екі кезеңнен тұратын жұмыс жүргізілді:

  • Бірінші кезеңде: ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Ақсуат, Аягөз және Көкпекті аудандарының атауы жоқ 6 көшесіне ардагерлердің есімдері берілді.
  • Екінші кезеңде: Семей қаласы мен Ақсуат, Аягөз, Үржар аудандары бойынша 26 ардагердің есімін ұлықтау ұсынылып, оның 25-іне келісім берілді.
Руханият әлемі
ЖаңалықтарАфишаМекемелерТұлғаларМедиаБасқармаҚұпиялылық саясаты