БАПЕИСОВА БАТИМА МОЛДАБЕКҚЫЗЫ

БАПЕИСОВА БАТИМА МОЛДАБЕКҚЫЗЫ

БАПЕИСОВА БАТИМА МОЛДАБЕКҚЫЗЫ (1920-1996)

1920 жылы  март айында бұрынғы Семей облысы Абай ауданы Орда елді мекенінде туған. 1971 жылы Абай Құнанбаевтың 125 жылдығын арнап, Абайдың киіз үйінің терме алаша, басқұр-бауларын және шым шиін тоқыған. Өмірінің соңына дейін тоқыма тоқып, аң терілерін илеп, қазақтың бас киімдерін, ішіктерін тіккен. Құрақ құрып, көрпе сырыған.

1979 жылы «Жаушы» фильміне түскен.