Қойлышев Серікқұл Құрманқұлұлы

Қойлышев Серікқұл
Құрманқұлұлы –
домбырашы, күйші-композитор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет
қайраткері. 1961 жылғы 1
қаңтарда дүниеге келген. Қазіргі
уақытта Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының
жанындағы Нұрғиса Тілендиев атындағы академиялық фольклорлық-этнографиялық
оркестрінде домбырашы болып қызмет атқарады. Серікқұл Қойлышев – бірнеше ән мен күйдің авторы,
қазақтың дәстүрлі музыкалық өнерін насихаттап жүрген өнерпаздардың бірі. 2022 жылғы 21 мамырда Қазақстан
Республикасы Президентінің №899 Жарлығымен мәдениет саласындағы ерекше
жетістіктері мен Қазақстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін Серікқұл
Құрманқұлұлы Қойлышевке «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті
атағы берілді.
