Жумаханов Мереке Орынбекович

Жумаханов Мереке Орынбекович 1977 жылы бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылында дүниеге
келді.
1993 -1997
ж.ж. Семей қаласының М.Төлебаев атындағы музыка колледжіне оқуға түсіп,
оркестр, ансамбль әртісі, оқытушы мамандығы бойынша бітірді.
Алғашқы
еңбек жолын 1997 жылы М.Әуезов атындағы орта мектептіің музыка пәнінің мұғалімі
қызметімен бастады.
2000 жылдың
қаңтар айынан бастап Шығыс Қазақстан
облысы, Абай ауданы «Абай
аудандық Мәдениет үйі» коммуналдық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның теңгеріміндегі Қасқабұлақ ауылдық мәдениет
үйінің клуб меңгерушісі қызметіне тағайындалды.
2021 жылы Қазақстан Республикасы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
