Таскескен ауылдық кітапханасы

Таскескен ауылдық кітапханасы
Үржар ауданы,Таскескен ауылы, Уалиханов к-сі №1 +7 702 792 8566
Таскескен ауылдық кітапханасы Абай облысы Үржар аудандық орталық кітапханасына қарасты Таскескен ауылдық кітапханасының тарихы 1983 жылдан бастау алады. Алғаш ашылған жылдары орталықтандырылған кітапхана жүйесінің құрамында бір аудандық, бір балалар және 14 ауылдық кітапханалар қызмет еткен. Кітапханада 1986 жылдан бастап Мержанова Райгүл Садуақасқызы қызмет етеді. 1996 жылы аудан таратылғаннан кейін мәдени мекемелер саны қысқарып, 6 кітапхана сақталып қалды. Осы өзгерістерге байланысты 1997 жылдың наурыз айынан бастап кітапхана Таскескен ауылдық кітапханасы мәртебесіне ауыстырылды. Мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті. 2008 жылдан бастап ауылдық кітапхана Абай облысы Үржар аудандық орталық кітапханасының құрылымына енді. 2013 жылы Мәдениет үйі қайта жаңғыртылып, кітапхана ғимараттың екінші қабатына орналастырылды. Бүгінде Таскескен ауылдық кітапханасы осы жерде тұрақты түрде өз қызметін жалғастырып келеді. Қазіргі таңда, Таскескен ауылындағы екі жарым мыңнан асатын тұрғын бар. Ауылдық кітапхананың кітап қоры 8000-нан астам дананы құрайды, оның басым бөлігі – мемлекеттік тілдегі әдебиеттер. Оқырмандар саны 800-ге жуық, соның ішінде төрт жүзден астамы балалар. Бұл кітапхананың ауыл өміріндегі маңызын айқын аңғартады. Таскескен – талай дарынды тұлғаларды түлеткен қасиетті мекен. Бұл өңірден шыққан белгілі домбырашы Жарқын Шәкәрімов, күйші Біләл Ысқақ, ақын-жазушылар Зуфар Сейітжанов, Гүлсім Сейітжанова, Ғасыл Сейітжанов сынды қаламгерлер мен өнер иелерінің еңбектері ауылдық кітапхананың төрінен лайықты орын алған. Осы тұлғалардың шығармашылығына арналған поэзия кештері, ән-күй кештері мен тағылымды шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Кітапханада мәдени-көпшілік іс-шаралар мен атаулы күндерге арналған кездесулер, әдеби кештер, көрмелер өтеді. Маңызды мерекелер мен рухани тақырыптарға арналған семинарлар жоспарлы түрде жүзеге асады. Жыл сайын Үржар аудандық кітапханасы арасында ұйымдастырылып келе жатқан дәстүрлі «Керуен» байқауы, тәжірибе алмасуға және шығармашылық ізденіске жол ашылады. Сонымен қатар кітапхананың Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі парақшалары белсенді жүргізіліп, ауыл тұрғындарына ақпарат тарату мен кітапхана қызметін насихаттауда маңызды рөл атқаруда. Таскескен ауылдық кітапханасы –ауылдың мәдени өмірін жандандырып отырған рухани орталық. Ол өткен мен бүгінді жалғап, болашақ ұрпақтың білімге, өнерге және ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін қалыптастырып келеді. Кітапхана қоры жыл сайын мемлекеттік тапсырыс арқылы жарық көрген кітаптармен, 2023 жылдан бастап облыс әкімінің қолдауымен «Абай жолы» кітапханасы жобасы аясында жарық көрген жерлес қаламгерлеріміздің кітаптарымен толығуда. Кітапхана қорының молаюына ауыл тұрғындары да көмек қолын созып, өздерінің жеке кітапханаларынан кітаптарды кітапхана қорына сыйға тартып отырады.