Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының «Абай облысының мемлекеттік архиві» КММ Жарма филиалы
1992 жылы Жарма ауданы әкімшілігінің 26 тамыздағы №169 қаулысына сәйкес Семей облысы Жарма ауданы Георгиевка селосында Жарма аудандық мұрағаты құрылды.
Семей және Шығыс Қазақстан облыстарының, Шар және Жарма аудандарының бірігуіне байланысты, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 1997 жылғы 1 қазандағы № 1-125р өкімімен мұрағаттың Шар бөлімшесі мен Жарма мұрағаты біріктіріліп Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының Жарма филиалы құрылып, Жарма және Көкпекті аудандарын қамтыды.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 7 мамырдағы №65 қаулысымен Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының Жарма филиалы Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Жарма ауданының мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Шығыс Қазақстан облысының кейбір мемлекеттік мұрағат мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы 2013 жылғы 10 қаңтардағы №2 қаулысымен Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Жарма ауданының мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік мұрағаты» КММ-сінің Жарма аудандық филиалы болып қайта құрылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімшілік-аумақтық құрылымның кейбір мәселелері туралы» 2022 жылғы 4 мамырдағы № 887 Жарлығы негізінде Шығыс Қазақстан облысынан бөлініп шығу арқылы әкімшілік орталығы Семей қаласы болып Абай облысы құрылды.
Осыған орай, ШҚО әкімдігінің 2022 жылғы 7 маусымдағы №138 қаулысымен, «Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының» КММ-сінің Жарма филиалы мемлекеттік тіркеуден шығарылып, Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат істері басқармасының жаңадан құрылған «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарауына берілді.
«Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 7 маусымдағы №88 бұйрығы және «Шығыс Қазақстан облысының Цифрландыру және архивтер департаменті «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» КММ-сінің филиалдарын құру туралы Шығыс Қазақстан облысының Цифрландыру және мұрағаттар департаментінің 2022 жылғы 15 маусымдағы №41 бұйрығы негізінде Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Абай облысының мемлекеттік архиві» КММ-сінің Жарма филиалы құрылды. Орналасқан жері Абай облысы Жарма ауданы Қалбатау ауылы Оспанов көшесі,11/5.
Жарма филиалының негізгі қызметі - архивтік қорларды құжаттармен толықтыру, мемлекеттік есепке алу, реттеу, олардың сақталуына жағдай жасау және мемлекет пен қоғамның, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, архивтік құжаттарды кешенді пайдалануды қамтамасыз ету болып табылады.
Архив қоры, бұрынғы Шар ауданданының және Жарма ауданданның даму тарихын жан-жақты және объективті көрсететін ұйымдармен, кәсіпорындармен жасақталады.
Мұнда еңбекшілер депутаттарының Жарма, Көкпекті, Ақсуат және Шар аудандық Кеңестерінің атқарушы комитеттерінің, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, ауыл шаруашылығы, көлік, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, мемлекеттік салық, экономика және қаржы мекемелерінің құжаттары мемлекеттік сақталуда тұр.
2026ж 1 қаңтарына Жарма филиалындағы мемлекеттік сақталудағы құжаттардың көлемі 314 қор, 96402 қағаз жүзінде сақтау бірлігі құрайды, 1308 сақтау бірлігіндегі құжаттар цифрланды 103,298 бетте.
Архивтегі ең көне құжаттарды 1898 жылғы азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша шіркеу кітаптары құрайды. Архивтегі құжаттардың негізгі бөлігі 1945-2015 жылдардағы құжаттар болып табылады. Ең маңызды және қолданысқа ие атқарушы биліктер, ауыл шаруашылығы, білім беру мекемелерінің қорлары, атап айтқанда:
Қор-71 Жарма ауданының еңбекшілер депуттарының атқарушы комитеті
Қор-1 Шар ауданының еңбекшілер депутаттарының атқарушы комитеті
Қор-69 Жарма ауданының ауылшаруашылық артельдері (колхоздары) біріктірілген қоры
Қор-101 Шар ауданының білім бөлімі
Қор-16 Шар ауданының ауылшаруашылық артельдері (колхоздары) біріктірілген қоры
Қор-102 Жарма ауданының білім бөлімі
Қор-88 Жарма ауданының байланыс бөлімі
Қор-76 Жарма ауданының мемлекеттік нотариалдық кеңсесі
Қор-225 Шар ауданының нотариалдық кеңсесі
Қор-104 Жарма ауданының мәдениет бөлімі
Қор-12 Шар ауданының мәдениет бөлімі.
Жоғарыда көрсетілген қорлар социализм жылдарында аудан экономикасының, мәдениетінің, білім беру саласының дамуының көрсеткішін көрсетеді.
Тәуелсіз Қазақстан жылдарында архив құжаттары Жарма және Шар аудандық қалалық әкімшілігінің, ауыл, поселкелік округтері аппараттарының, қазынашылық, салық комитетінің құжаттарымен толықтырылды.
Архив қорында 14 жеке тектік құжаттар, 874 сақтау бірлігінде мемлекеттік сақталуда тұр.
Мұнда, Жарма ауданының дамуына зор үлес қосқан белгілі қоғам қайраткерлерінің, білім, мәдениет және басқа да саласының үздіктерінің құжаттары жинақталған.
Атап айтқанда, КСРО және Қаз.ССР білім беру ісінің үздігі, еңбек ардагері Тусупбеков Сеиткали Тусупбековичтің (1933-1995жж), тарих ғылымының кандидаты Керейбаев Кайртай Шарипхановичтің, білім беру саласының үздіктері ерлі-зайыпты ұстаздар Задонскийлардың және т.б. көрнекті адамдардың құжаттары.
Қорда Жарма ауданы бойынша 38 ардагердің, бұрынғы Шар ауданы бойынша 9 ардагердің біріктірілген жеке тектік құжаттары құрайды.
Осы құжаттар негізінде, Жарма ауданының архивында игі істер атқарылуда, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің біріктірілген архивтік қорында құжаттары мемлекеттік сақталуда тұрған тұлғалардың жеке тектік құжаттары негізінде көрмелер ұйымдастырылып, мектеп оқушыларының қатысуымен сабақтар, экскурссиялар өткізіліп, аудандық газетте мақалалар жарияланып тұрады.
Архивтің тағы да бір басты қызметі - жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, архивтік құжаттарды кешенді пайдалануды қамтамасыз ету болып табылады.
Жыл бойы орта есеппен ҚР азаматтарынан, жақын және алыс шетелден келіп түскен әлеуметтік-құқық сипаттағы 3500 сауал орындалып, қанағаттандырылады.
Бүгінгі күні, аудан бойынша 90 мекеме мен ұйым архивтің толықтыру көздері болып табылады.
Архив қызметкерлерінің тарапынан ведомстволық архивтер тарапынан заңнама нормаларының тиімді қолданылуын, архивтер қызметінің негізгі бағыттары бойынша тәжірибе алмасу бойынша мекеме, ұйымдармен, «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру мемлекетік қызмет көрсету қағидалары бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Жарма бөлімінің қызметкерлерімен семинар-кеңестер, архив ісі бойынша мектеп оқушыларымен мектеп оқулары өткізіліп тұрады.
Бүгінгі таңда, Жарма филиалында 15 адам қызмет атқарады: директор- 1, архившілер - 9, және 5- техникалық персонал.
Оның ішінде Калиаскарова Динара Советхановна мен Моллаходжиева Гульбахор Максутовна - архивтегі құжаттарды мемлекеттік есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету бойынша, Сахарина Жамал Нуртугановна, Тажиева Асель Сакеновна, Алимжанова Гульзада Сериккановна -архивтік құжаттарды толықтыру, ведомстволық архивтерге әдістемелік көмек көрсету, Садуева Алмагуль Советхановна, Мусрепова Кенжегуль Кажкеновна, Абылканова Ардақ Мұсағазықызы заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштерді орындау, Нұрғалиева Шұғыла Жұмағазықызы- E-gov порталы бойынша келіп түскен құжаттарды тіркеу, олардың жіберілуін қамтамасыз ету бойынша жауап береді.
Архив- тарихи шежіре қойнауы ғана емес, әрбір ұлт тарихының қазынасы. Ата- бабаларымыздың тарихын ғана емес, олардың арман-тілектерін, ақыл-ойын, даналығы мен даралығын, парасаты мен үлгі-өнеге өсиеттерін сақтап отыратын киелі орын. Әрбір адам өмірінде архивтер кейбір уақыттарда маңызды рөлге ие болып жатады. Өйткені, онда адамдардың еңбек тарихы, марапаттары туралы, қандай да бір заңды мәмілелер және т.б. туралы жеке мәліметтер сақтаулы. Архив дереккөздері мен форматтарының әртүрлілігі ауқымды. Сондықтан архивтік деректер адамзаттың экономикалық, саяси және әлеуметтік дамуының баға жетпес куәсі болып табылады және құжаттық мұраны сақтау, бірегей құжаттармен адамдардың танысуына мүмкіндіктер мен қолдау жасау, қазіргі жаһандану заманында архив қызметкерлеріне жаңа технологияларды меңгеру архивистердің басты міндеті болып табылады.
Архивтің мекен-жайы: Абай облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Оспанов көшесі, 11/5 үй.
Телефон: 8 (72347)65569 , эл.почта: arhiv_zharma.97@mail.ru
Директор: Рахимов Бекқазы Айтқазинович