Қайроллин Дауыл

Қайроллин Дауыл

Дауыл (Жайлаухан) Қайроллин 1946 жылы 3 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Құйған ауылында дүниеге келген. Оның еңбек жолы 1962 жылдан басталады. 1984 жылы М. Төлебаев атындағы Семей музыкалық колледжінің ән бөліміне оқуға түседі. 1973 жылы училищені бітіріп, облыстық филармонияда әнші болып жұмысқа орналасады. 1984 жылы Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясына түсіп, 1990 жылы бітіреді. Е. Серкебаев, Б. Төлегенова, Р. Абдуллинмен бірге сахнаға шығады.

Оның орындауындағы халық әндері, халық композиторларының әндері, заманауи әндер, орыс және шетелдік классиктердің классикалық шығармалары тыңдаушылардың жүрегінен өзіндік орын алды.

Дарынды әртіс Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтойында Чайковский атындағы концерт залында делегация құрамында мерекелік концертке қатысып, қажетті ән мен әуенді тауып, орыс, украин халық әндерін шебер орындады.

Өткен әдеби, мәдени Республикалық онкүндіктерде әртіс Украинада, Молдовада, Әзірбайжанда бас оркестрмен, хор капелласымен өнер көрсеткен.

Семей авторларынан Ұ.Айдаболов, М. Рақымбаев, Б. Сыбанов, Т. Рахимовтың әндерін орындады. Гандель, Массоне, Шуберт, Чайковский, Әсет, Абай классиктерінің шығармаларына негізделген кассеталық жазба бар.

Дауыл Қайроллин ұзақ жылдар бойы оқытушылық қызмет атқарады. 1976 жылдан бастап оның мектебінен көптеген түлектер шыққан.

Дауыл Хайруллин қасиетті Абай мен Шәкәрім туған топырақта небір тамылжыған әндерді үлкен сахналарда шырқап, халықтың сүйікті әншісіне айналады.

Жібектей есілген мінезімен, нәзік те сырлы әндерімен, өзінің адами қасиетімен жұртқа жаққан әншіні халық қайда барса да хан көтеріп, төрден орын беріп, өнерін мойындайды.

Дауыл филармонияд жанынан құрылған «Әсем» ансамблімен Париж қаласында өнер көрсетті. Қанша тыңдасаң да жалықтырмайтын Дауылдың орындауындағы әндер Франция жұртшылығының жүрегіне жол тапты. Кезінде ән атасы Әміре шырқаған үлкен сахнада қазақтың тағы бір әншісі осылайша өнер көрсетті.

Дауыл Хайруллин бала кезінде облыстық көркемөнерпаздар байқауының жүлдегері атанса, 1976 жылы Республикалық «Жігер», 1977 жылы Бүкілодақтық әншілер фестивалінің, 1985 жылы Күләш Байсейітова атындағы байқаудың лауреаты атанып, құшағы гүлге толды, ел сенімін ақтады. Дауыл консерваторияны бітірген кезде «Отырар сазы» және Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрлерінде, Бақытжан Байқадамов атындағы хор капелласында еңбек етті. Осы аралықта Ресей, Украина, Белоруссия, Өзбекстан жерін аралап көпшілікпен бірге ұлттық өнерімізді насихаттады. Дауыл Хайруллиннің дауысы толық диапозонды, әдемі тембрлі лирикалық баритон. Әншінің ән бағдарламасы өте бай еді. Ол халық әндері мен Қазақстан композиторларының әндерін, орыс және шетелдің классикалық шығармаларын шебер орындайтын. Дауылдың ән қоржынындағы композитор Теміржан Базарбаевтың «Шалқыма», «Есіңде бар ма жас күнің», «Қалай жүрсің сағынбай», «Жаңа жерлер, жасыл көлдер», «Жарқ етпес қара көңілім не ғылса да» әндері алғаш Қазақ радиосының әуе толқыны арқылы тыңдаушысына жетті.

 Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі.