Жұмабек Рамазанұлы Бейсенов

Жұмабек Рамазанұлы Бейсенов
1959 жылы 18 желтоқсанда Жезқазған облысы, Балқаш қаласында
дүниеге келген.
1967-1977 жылдары Семей облысы
Шар №63 орта мектепте оқыды.
1977 жылы орта мектепті бітіріп, Алматы темір жол инженерлері институтына
оқуға түсіп, оны 1982 жылы бітіріп, Аягөз локомотив депосына қызметке
орналасты.
1982-1984 жылдары Кеңес Армиясында әскери борышын өтеді.
Еңбек жолын 1982 жылы Аягөз локомотив депосында бригадир болып бастаған ол
1990 жылдан бастап Чарская локомотив депосында депо бастығының тепловоз жөндеу
жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. 1993 жылы депо бастығы болып
тағайындалды.
2001 жылдың қазан айынан бастап «Шар Ремлокомотив» ЖШС
директоры, 2004 жылдың сәуір айынан бастап «Шар-2004» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің директоры қызметін атқарды. 2009 жылдың қараша айынан бастап
«Қамқор Локомотив» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Шарское локомотив
жөндеу депосы филиалының директоры қызметін атқарды. 2024 жылдан бастап «Қамқор
Локомотив» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Шарское локомотив жөндеу
депосы филиалының техникалық директоры қызметін атқарды.
Ұзақ жылғы қызметі үшін ол:
1. 2001 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10
жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.
2. 2003 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
3. 2006 жылы «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен
марапатталған.
4. 2008 жылы «Біртұтас Қазақ Теміржолына 50 жыл»
төсбелгісімен марапатталған.
5. 2009 жылы «Құрметті теміржолшы» төсбелгісімен
марапатталған.
6. 2011 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20
жыл» медалімен марапатталған.
7. 2011 жылы сайлау науқанына белсене қатысқаны үшін
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен
марапатталды.
8. 2012 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған. Қазақстан
Республикасы Президентінің 2012 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығы.
9.2018 жылы «Жарма ауданның дамытқан еңбегі үшін»
төсбелгісімен марапатталды.
Адал еңбегі үшін Ж.Р. Бейсенов департамент басшылығы,
темір жол бөлімі және «Қазақстан темір жолы» мемлекеттік кәсіпорны тарапынан
65-тен астам түрлі марапаттар мен марапаттарға ие болды. Үйленген, екі баласы
мен алты немересі бар.
