Кошеров Нурлан Сайлауұлы

Кошеров Нурлан Сайлауұлы

1965 жылы Ақсуат ауданы  «Ойшiлiк» ауылы, «Комсомол» орта мектебiн бiтiрiп, 1982 жылы Муқан Төлебаев атындағы музыкалық училищеге келiп, белгiлi әншi, Қазақстанға еңбегi сiңген артист, ұстаз Дауыл Қайруллиннiң әншiлiк класында келiп оқуға түседi. Алғашқы күннен бастап өзiнiң талапты әншi екенiн ерекше  байқата бiлдi.

            Оқуын оқып жүрiп қалада өтетiн концерттерге жиі қатынасып қазақтың халық әндерi «Алқоңыр», «Шәтибай-ау», «Баянауыл» әндерiмен қоса Абай, Ақансерi, Бiржан, Нұрғиса Тiлендиев, Шәмші Қалдаяқов әндерiн жиі орындап жүрдi.

            Музыкалық училищенi 1987 жылы  бiтiрiп, Ақсуат ауданы мәдениет  үйiнде әншi болып қызмет iстеп, жастарды ән өнерiне баулады.

            Өзiнiң әншiлiк өнерiн өте  жақсы  көрiп, талантын әрi қарай дамыту мақсатында Алматыдағы Құрманғазы атындағы консерваторияға барып, бiлгiр мамандар Бекен Жылыспаев, Шахмардан Әбiлавтың  әншiлiк класына оқуға  түсiп, өнерге деген құштарлығын шынайы түрде шыңдай түседi. қазақ, орыс шетел романстар мен әндерiн орындауға жетiседi.

           Сабақты оқи жүрiп Абай атындағы  опера және балет, М.Әуезов  театрында жиы барып, сахна шеберлерiнiң ойнаған ролдерiн көрiп үлгi алады.

           Әншi, ұстаз, профессор Бекен Жылысбаев өзiнiң барлық қасиетiн Нұрланның бойына  сiңiре бередi.

           1998 жылы Күләш Байсейiтова атындағы Республикалық әншiлер конкурсына қатынасып дипломант атанады.

            Жоғары оқуды табысты аяқтап, өзi оқыған оқу орына  келiп ұстаздық жолын бастады.

               Абайдың 150-жылдық торқалы тойында Алматыдан арнайы келiп, Абай театры және Мұражайда Абайдың ариясын орындайды.

              Ш.Қалдаяқов, Е.Хасангалиев атындағы әншiлер конкурсының лауреаты. Ұлы Жеңiстiң 60-жылдығында «Отты жылдар әуенi» мерекелiк  концертке қатынасып  мол табысқа жеттi.