Қабдолдин Дулат Қабдешұлы

Қабдолдин Дулат Қабдешұлы-бас режиссер. 10 қыркүйек 1973 жылы бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында
дүниеге келді. Семей мемлекеттік педагогикалық институтының музыка факультеті
бойынша тәмәмдады.
1987-1989 жылдар аралығында Абай
ауданының мәдениет үйіндегі «Айгөлек»
балалар би үйірмесіне қатыстып, тәмамдады. Би өнерін жетік меңгеріп
«Қаламқас» халық ән-би ансамбліне биші болып орналасты. Би саласы бойынша 1991
жылы шілде айында Түркия мемлекетінде өткен «Би» фестифалінде тоғыз мемлекеттің
ішінен ансамблдің Бас жүлде алуына өз үлесін қосып биік шыңнан көрінді.
1994 жылы Абай аудандық мәдениет үйінің
«Қаламқас» халық ән-би ансамбліне биші болып жұмысқа орналасты. Сонымен қоса
«Абай» халық театрында актерлік қызметті қоса атқарды.
2008-2016
жылдары «Абай» халық театрының бас режиссері қызметіне тағайындалды.
Облыстық «Жігіт сұлтаны» байқауының
жеңімпазы, облыстық «Оралхан Бөкей» атындағы байқаудың жүлдегері.
2014 жылы Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен
марапатталды.
Қазақстан
Республикасы Президентінің 3 мәрте Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы
Мәдениет министрлігі, ШҚО әкімі, ШҚО мәдениет басқармасының, Абай ауданы
әкімінің алғыс хаттарымен марапатталған.
Абай
ауданында өткізілген облыстық, республикалық 100- 500адамдық мәдени
іс-шараларды ұйымдастырушы продюссер.
Абай ауданының барлық мәдени іс-шараларының авторы, қоюшы режиссер.
(Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық «Шынғыстау» жәрменкесі, «Қазақ хандығына 550» , «Ұлы
Даланың Жеті қыры», «Мамай батыр», «Тоқтамыс батыр», «Абай -170 жыл», «Абай-175 жыл», «Шәкәрім-160-165», «Мұхтар- 120-125 жыл» т/б мерей тойлар
сценариінің авторы).
2019 -2022 -Ақмола облысы, Щучинск
қаласы, Бурабай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы
«Аудандық мәдениет үйі» МКҚК де көркемдік жетекші, бас режиссер(қосымша).
Бірнеше жобалардың авторы, қоюшы режиссер.
Қазақстан Республикасының Мәдениет
және спорт министрлігінің ұсынысымен, Халықаралық «Абай» атындағы мәдениет пен
өнерді қолдау қорының, қоғамдық қорының шешімімен 10 тамыз 2020 жылы Ұлттық
руханиятқа сіңірген айрықша еңбегі үшін «Абай» мерейтойлық медалімен марапатталды.
Шәкірттері; Республикалық Абай, Шәкәрім оқуларының жеңімпаздары. ШҚО, Абай облысы:
«Аяулы жас келін», Халықаралық «Жігіт сұлтаны» жеңімпазы, Республикалық Оралхан
Бөкей атындағы қара сөз байқауларының жеңімпаздары.
Қабдолдин Дулат Қабдешұлы жас ұрпақты ұлттық өнерге тәрбиелеп,
жауапкершілік, адамдармен қарым-қатынас орнатуға бейімділік, ұстамдылық,
ұйымдастырушылық, басқарушылық қабілеттер, ұжыммен жұмыс істей білу, ұқыптылық,
алға қойған мақсаттардың орындалуына ықпал етіп келе жатқан қызметтегі жоғары жетістіктері үшін «Ел алғысы»
медалімен марапатталды.
