Кучукова Роза Амантаевна

Кучукова Роза Амантаевна

МІНЕЗДЕМЕ

1964 жылы 08 маусымда Жамбыл облысы Жуалы  ауданы Бурное ауылында туды. 1981 жылы Бреусова атындағы орта мектебін бітірген. 1981 жылы  Семей қаласының жеңіл өнеркәсіп техникумының   «тігін-технолог» мамандығын  тамамдады. 2002 жылы Семей  қаласының Мұқан Төлебаев  атындағы  музыка колледжіне сырттай оқуына түсіп, 2006 жылы аталған  колледждің педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, бұқаралық театрландырылған қойылымдар режиссері мамандығын тамамдап шықты.

2000 жылдың  сәуір айынан 2007 жылдың  қазан айы аралығында Курчатов қалалық Мәдениет үйінде нұсқаушы (инструктор) қызметін атқарды. 2007 жылдан 2011 жылдар аралығында Дегелен стансасында әскерилендірілген теміржол күзет бөлімінде күзетші  қызметін атқарды. 2011 жылдан 2018 жылдары «Компания балапан көлігі» ЖШС жұмысшы болып істеді. 2018 жылдың қыркүйек айынан 2023 жылдың қыркүйек айы аралығында қалалық кітапханада кітапханашы, 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап осы күнге дейін № 1 жалпы білім беретін орта мектебінде қосымша білім беру педагогы болып қызмет атқарады. Сонымен қатар, «Асыл әжелер» тобының көркемдік жетекшісі, «Атамұра» қазақ мәдени орталығының мүшесі.

«Жас толқын», «Жас қыран»  көркем сөз оқу үйірмелерінің жетекшісі. Роза Амантаевнаның шәкірттері көптеген аудан, қалаларғдағы конкурстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленді.

Роза Амантаевна қазақ, орыс тілдерін жетік біледі, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, жұмысына жауапты, өз ісін жетік білетін  маман,   әріптестерінің арасында беделді. Үш бала, алты немере тәрбиелеуде.