Ахмеджанова Арайлым Заманбековна

Ахмеджанова
Арайлым Заманбековна 1974 жылы 1 шілдеде дүниеге келген
Жарма аудандық Мәдениет
үйінде 1993 жылдан бастап қызмет істейді. Семейдің М.Төлебаев атындағы саз
колледжінің халық аспаптары бөлімінің прима класын бітірген. Еңбек жолын халық
ұлт-аспаптар оркестрінде примашы болып бастаған ол еңбек еткен күннен бастап
өзінің жұмысқа деген жоғары ынтасын танытты. Бүгінде облысымыздағы ең үздік
қазақ ұлт-аспаптары оркестрі атағына ие болып отырған, облыстық өнер
байқауларының бірнеше дүркін бас жүлдегері атанған «Кәусәр» халық ұлт-аспаптар
оркестрі оның өнерде өсіп, кәсіптік тәжірибе жинақтауда үлкен өмір мектебі
болды. Кәсіби шеберлігімен, шығармашылық ізденісімен көзге түскен дарынды өнер иесі осы оркестрдің
примашысынан дирижеры және көркемдік жетекшісі
қызметіне дейін өсті. өзінен
зор жауапкершілік пен ізденісті талап ететін бұл жұмысты да ол абыроймен
атқаруда. Оркестр дирижеры ретінде ұлттық өнерімізді насихаттауда, аудан, облыс
мәдениетін өркендетуде оның атқарып жүрген еңбегі орасан. Бүгінде А.
Ахмеджанова басқарып отырған үлкен ұжымның орындауындағы атақты қазақ
композиторларының күйлері мен әндері,
орыс, шетел композиторларының туындылары шырқау биікке көтерілген. Оркестр
еліміздің көптеген қалаларында өнер сүйер қауымның таңдайын қақтырып, зор
жетістікке жетуде. А. Ахмеджанова ШҚО
әкімі сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері» 2011 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды
