Серіков Әділет Серікұлы

Серіков Әділет Серікұлы

Серіков Әділет Серікұлы - «Бибігүл» қазақ халық аспаптары оркестрінің дирижері, «Дала сазы» этно-фольклорлық ансамбльдің жетекшісі. Ол Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Тәттімбет класс оқытушысы профессор Ысқақов Біләл Алпанұлынан оқып шығады, оқу барысында 2011 жылы Республикалық пәндік олимпиадасында Лауреат атағын алады. Оқуын аяқтап Семей қаласына Ә.Қашаубаев атындағы Семей мемлекеттік филормониясына жұмысқа қабылданды. 2017 жылы Ресей Федерациясында Челябинск қаласы мемлекеттік мәдениет институтында «халық аспаптар оркестрінің дирижері» мамандығын алды. 2016 жылы Ақтөбе қ. Халықаралық «Жұбанов көктемі» атты фестивальінде «Бибігүл» қазақ халық аспаптар оркестрімен екінші дәрежелі лаурет атағын алды. 2019 жылы  «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталды. 2020 жылы ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Ә.Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясымен ұйымдастырылған «Құлақтан кіріп, бойды алар...» Халықаралық домбырашылар онлайн-байқауының III-дәрежелі диплом мен марапатталды. Қызметіне орнықты, болашағы зор деген үміттеміз.

Жұмыс істеген жылдары "Бибігүл" оркестрі мен « Кербез» (қазіргі « Дала сазы») этно-фольклорлық  ансамбліне қазақ әуенінің күйлері мен әндері арасында ноталық партитуралардың шексіз санын өңдеп, сыйға тартты. Классикалық музыка синтезінде қазақ өнерін дәріптеуші және насихаттаушы. Мәскеу қаласындағы Ресейдегі Қазақстан жылы аясында РФ кеңістігінде "Кербез" фольклорлық ансамблі құрамында Шығыс Қазақстанның атынан бірнеше рет өнер көрсетті.

     Орындаушы-аспапшы-домбырашы ретінде ҚР күйші-композиторларының мерейтойлық күндеріне арналған музыкалық бағдарламаларында қала сахналарында өнер көрсетіп, домбыра музыкасын дәріптейді.

2020 жылы 10 сәуірде интернетте және әлеуметтік желілерде онлайн-концерт кешін өткізді.

Қала мен облыс мәдениетінің дамуына қосқан үлесі үшін филармония әкімшілігінің, қала және облыс әкімдігінің грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталған.

Еңбекқор және ұқыпты, болашаққа үлкен үміт бар. Ұжымда беделді және құрметке ие.