Болатқали Қажыбекұлы Әмірханов

Болатқали Қажыбекұлы Әмірханов
1955 жылы Шығыс Қазақстан облысы, бұрыңғы Ақсуат ауданы, Құмкөл аулында дүниеге келді. Семей қаласының М.Төлебаев атындағы музыка училищесін бітірген. Еңбек жолын әскери үрмелі оркестрінде жұмысын бастайды. Мақаншы аудандық балалар музыка мектебінің мұғалімі және директоры болып және «Інжу маржан» халық аспаптар оркестрінде жетекшілік етті. 1993-1996 жж. Үржар ауданындағы «Көңіл толқыны» халық аспаптар оркестрінде көркемдік жетекші әрі дирижеры қызметінде болды. 1997-2016 жж. Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндегі «Фараби сазы» оркестрінің дирижеры болып жұмыс атқарды. Бірнеше әндердің және оркестрге арналған шығармалардың авторы. "Арайлы Ақсуат" атты шығармаларының жинағы шыққан. Б.Әмірханов - ҚР Мәдениет Министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері.
