Ахметхан Самажанұлы Алпысбаев

Ахметхан Самажанұлы Алпысбаев

Ахметхан Самажанұлы Алпысбаев

Семей қаласындағы М.Төлебаев атындағы музыка училищесін, Шымкенттің Әл-Фараби атындағы педагогикалық–мәдениет институтын бітірген.   Шұбартау ауданының   балалар музыка мектебінде мұғалім,   аудандық мәдениет үйінде директор болды, «Шұбартау сазы» қазақ ұлт  аспаптар оркестрін құрған.  1994 жылдан Үржар ауданындағы Абай атындағы орта мектепте ,   аудандық мәдениет үйінің   «Көңіл толқыны» халық аспаптар оркестрінің жетекшісі қызмет істеді.    «Халық шығармашылығы Бүкілодақтық фестивалінің» ІІ-ші және ІІІ-ші, КСРО мәдениет министрлігінің «Үздік еңбегі үшін» белгілерімен, Әсет Бейсеуов атындағы жүлдемен, 2010 жылы ШҚО  әкімінің сыйлығының иегері атанды. Балалар мен жастарға арналған 80 шақты әндердің авторы.   «Елім менің- күншуақ» атты ән жинағы жарық көрді.