Шаяхметов Дарын Советқанұлы

Шаяхметов Дарын Советқанұлы 19 қараша күні 1986 жылы Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Науалы
ауылында дүниеге келді. Ұлты- қазақ. Білімі- арнайы орта.
2004 жылы Қанабек Байсейітов
атындағы Талдықорған саз колледжіне түсті. Аталған колледжді
2008 жылы қазақ халық аспаптары-бас қобыз мамандығы бойынша бітірді.
2015 жылдың қараша айынан бастап
жедел басқару құқығындағы Үржар ауданы «Мәдениет үйі» Мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорынына әртіс ретінде жұмысқа қабылданды.
Дарын ұжымындағы әріптестерімен, жолдастарымен жақсы қарым- қатынаста болып, адамдармен тез
тіл табыса білетін, сыйлы әріптес. Мінезі қарапайым, ашық, салмақты, ұқыпты.
Жұмыс барысында «Мәдениет үйі» МКҚК-да өткізілген қоғамдық жұмыстардың
барлығында белсене қатысып,
тапсырмаларды уақытылы орындап отырады. Аудандық «Көңіл толқыны» халық
аспаптар оркестрінің және «Ақберлі» вокалдық ансамблінің белді мүшесі.
2016 жылы өткізілген ҚР Тәуелсіздігінің
25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тойына
тартуым» атты аудан әкімінің жүлдесіне жарияланған патриоттық ән
байқауында Дарын Шаяхметов «Қазақстан» әнімен
(авторы және орындаушысы өзі) Бас жүлде
иегері атанды.
2016 жылы «Туған жерге тағзым» акциясы
аясында өткен концерттік бағдарламасында жоғарғы деңгейде өнер көрсетті.
2017 жылы ҚР Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Үздік Мәдениет
қызметкері" аталымына ие болды.
2017 жылы Өскемен қаласында өткізілген
Республикалық «Мен қазақпын» тележобасының дипломанты атанды.
2017 жылы Үржар ауданында өткізілген Ә.Найманбайұлының 150-жылдық
мерейтойына арналған арнайы медалімен
және аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
2018 жылы «Мәдениет мақтанышы» аталымы бойынша марапатталды.
2018 жылы аудандық «Супер әке» атты байқауының жүлдегері атанды.
2019 жылы Үржар ауданының 90 жылдығына орай арнайы төсбелгімен және аудан
әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
«Қазақстан», «Қазақстан елім», «Мәңгілік ел», «Әсетке арнау», «Күндер
өтер», «Өмір осы», «Жан әкешім», «Ардақты ана», «Анашым», «Тамаша күндер», «Жан
досыма», «Қоштасу вальсі», «Елтайым», «Таскескенім», «Тәубә», «Жастық шақ», т.б әндерінің авторы.
Қазіргі таңда Д.Шаяхметов аудандық мәдениет үйінің жанынан құрылған «Көңіл толқыны» халық аспаптар оркестрінің жетекшісі, дирижеры. Дарын «Дарабоз» этнографиялық тобының, «Ақберлі» вокалдық тобының белді мүшесі.
