Жарқын Жақияұлы Шәкәрім

Жарқын
Жақияұлы Шәкәрім
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз
қаласында 1947 жылдың 4
мамырында
дүниеге келген. Домбырашы-күйші,
музыка зерттеушісі.
Қарағанды музыкалық училищесін,
Алматы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. Бүкілодақтық
"Мелодия" фирмасының Алматы студиясында аға редакторы, "Жалын" баспасында редакторы, Республикалық музыка аспаптары мұражайының
директоры, Қазақ филармониясында күйші - лектор
қызметтерін атқарған. Қазақ теледидарының музыка бағдарламалары Бас
редакциясының редакторы, бөлім меңгерушісі бола жүріп "3амана
бұлбұлдары", "Домбыра сазы", "Терме",
"Шашу", "Музыкалық киножинама", "Күй-шежіре",
"Інжу-маржан" тәрізді хабарларды жарыққа шығарды. Ж.Шәкәрім Ә.Кашаубаевтың
фонографқа жазылған "Ағаш аяқ", "Смет",
"Бесқарагер", "Жалғыз арша", "Үш дос",
"Балқадиша", "Дудар-ай" әндерін тауып, үнтаспасын жарыққа
шығарды. "Әміре", "Ән жүлдызы" , "Амре Кашаубаев" "Малайсары
би-ден Шәмілге дейін","Ән асқары", «Таскескен тағылымы» (Б Айтқазинмен бірге),
«Нұрғиса Тілендиев» (Д Тілендікелінімен
бірлесе жазған) кітаптарының авторы. "Қазақстан телерадио-корпорациясының
"Мәңгілік сарын" атты қазақ күйлерінің антологиясын шығаруға үлес қосқан. "Анадан
аманат", "Дүние-кезек", «Абыралыдағы ата зары», «Дүние - кезек», «Темір -
Шерткен», «Құртқа тәуіп» « Таскескен» атты күйлер шығарған.
"Сазген" фольклорлық ансамблін құрған.
12-Дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалінің дипломанты, КСРО
Бүкілодақтық "Білім" қоғамының "Ерен еңбегі үшін"
медалімен және "Құрмет" орденімен марапатталған. Қазақстанның
еңбегі сіңген қайраткері. Үржар
ауданының Құрметті азаматы.
