Тұрысбек Секен Кәрімұлы

Тұрысбек Секен Кәрімұлы
Секен Кәрімұлы Тұрысбеков 1961 жылы 22 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында туған. Қазақ композиторы, күйші, домбырашы. Семей музыка училищесінде оқып, содан кейін, Алматы консерваториясын (қазірғі Қазақ ұлттық консерваториясы, М.Әубәкіров жетекшілігімен) бітірді. Консерваторияны бітіргеннен кейін "Сазген" ансамблі кұрамында еңбек етті. 2001 ж. Еуразия университеті жанындағы "Қоңыр қаз" ансамблінің көркемдік жетекшісі болып тағайындалды. Шығармалары:Сәкен Тұрысбеков - "Көңіл толқыны", "Боздақ", "Өкініш", "Ақжарма", "Ақ жауын", "Балауса", "Дарабоз", "Ұлы дала" және т.б. күйлерінің және "Аққу сазы", "Ерке құсым", "Көктемім менің", "Қоңыр қаз", "Шағала" әндерінің авторы. Марапаттары: 1989 - Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты; 1992 - Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі; Қазақстанның Халық әртісі; 2011 — Құрмет ордені2017 — Парасат ордені2023 - Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері. Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының 2026 жылғы 20 қаңтардағы №10 бұйрығына сәйкес Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның директоры қызметіне Секен Тұрысбеков тағайындалды.Осы уақытқа дейін Секен Тұрысбеков Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының «Ақ жауын» халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі қызметін атқарып келді.