Дәукенова Гүлнар Жұмайқызы

Дәукенова Гүлнар Жұмайқызы

Дәукенова Гүлнар Жұмайқызы – күйші, композитор, әнші. ШҚО Үржар ауданы, Мақаншы ауылында 1961 жылы 16 қыркүйекте дүниеге келген. Алматыдағы П.И.Чайковский атындағы музыка училищесінде, Қазақтың Мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваториясында білім алған. Қазақтың Мемлекеттік Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрінде 25 жыл жемісті қызмет атқарды. Халыққа кең тараған «Жасай бер, Қазақстаным» атты күйінің, жұртшылық жүрегінен берік орын алған «Сағындым сағым жылдар», «Қайран уақыт», «Аппақ қарлар», «Қош енді қош бол, күрең күз»  тәрізді 30-дан артық әндердің авторы. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, "Құрмет" орденінің иегері, ҚР білім беру саласының құрметті қызметкері, ШҚО Үржар ауданының Құрметті азаматы.