Нургазин Кайлаш Баймакович

Кайлаш Баймакович 1950 жылдың 12 қаңтары күні Семей облысы, Бесқарағай ауданы, Большая Владимировка ауылында туған, білімі жоғары, сурет пәнінің мұғалімі. Көрнекі мәдениет қызметкері, әуесқой композитор, сазгер.
Орта білім мектебін аяқтап, 1969 жылдан 1971 жылға дейін Кеңес әскерінде
заматтық борышын өтеді.
Бесқарағай ауданының мәдениетінің дамуына өз өмірінің 40 жылын арнады.
1979 жылы Семей педагогикалық институтының көркемсурет және графика
факультетін бітірген.
1975 жылдан бастап көркемдік жетекші, мәдениет бөлімінің нұсқаушысы,
мәдениет үйінің директоры қызметтерін атқарды. 70-80 жылдарда мәдени-ағарту
жұмыстары да ауданда тоқыраушылықты бастан кешірді. Бұл кезде аудан бойынша
аудандық 2 кітапхана, 1 мәдениет үйі, 20 ауылдық кітапхана мен 6 автоклуб жұмыс
істеді.
1993 – 2011 жылдары Бесқарағай аудандық мәдениет бөлімінің басшысы болып
қызмет етті.
2011-2016 жылдар аралығында Бесқарағай аудандық өнер мектебінің директоры
қызметін атқарған.
Жұмыс барысында үрмелі аспаптар оркестрін, хорды, вокалды-аспаптық
ансамбльді, вокалдық ұжымдарды, солисттерді және т.б. жетекшілік етті.
Кайлаш Нургазин талантты жергілікті
композитор, мәдениет қызметкері. 70-тен астам музыкалық шығармалардың авторы.
Бүкілодақтық көркемөнерпаздар байқауының лауреаты, оның қарапайым және жан -
жақты, терең мағыналы әндері жерлестеріміздің ортасында танымал және сүйікті
болып қала бермек. Әр бесқарағайлық үшін Қ.Нұрғазиннің "Бесқарағай"
авторлық әні аса қымбат. Ән - ауданның әрбіреуі, жастары мен қарттары білетін
символикалық әнұранына айналды.
Композитордың әндері мазмұны,
формасы, орындау тәсілі бойынша алуан түрлі. Олардың ішінде патриоттық
мазмұндағы ең танымал "Менің Шығыс Қазақстаным", "Туған
жер", "Қайырлы таң, Менің Қазақстаным", анат туралы
"Анашым, анажан", "Ана туралы баллада", "Руки
матери", табиғат туралы "Над Семипалатинском дождь",
"Черемуха белая", "Синий вечер", жанға жайлы "Шығыс қызы", "Домбыра",
"Прозрение" және т.б. көптеген әндері бар.
Оның композиторлық
қызметі көркемдік біліммен үйлесімді болды. Кайлаш Нургазин аудан
логотипінің де авторы болып табылады, онда суретші Бесқарағай ауданының басты
табиғи байлықтарын: қарағайлы орман мен
Ертіс өзені және Балапанның астықты алқаптарын шебер көрсетті.
Нургазин Кайлаш Баймакович көптеген грамоталармен, дипломдармен және алғыс
хаттармен марапатталды, "Бесқарағай ауданының Құрметті азаматы"
атағына ие болды.
40 жылдан астам уақыт бойы Бесқарағай ауданының мәдениетін дамытуға арнаған Кайлаш Нургазин көп жылдар аудандық Мәдениет үйін басқарды.
