Сафаров Қалихан Елғазыұлы

Сафаров
Қалихан Елғазыұлы — күйші, композитор
Сафаров
Қалихан Елғазыұлы 1959 жылы Абай облысы, Ақсуат ауылында дүниеге келген. Ол —
белгілі күйші, композитор, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері,
Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы.
Өнер
саласында ұзақ жылдар еңбек етіп, ұлттық музыка өнерінің дамуына өз үлесін
қосты. Бірнеше жыл бойы Алшынғазы Байқыдыров атындағы саз мектебінің директоры
қызметін атқарды.
Сонымен
қатар ІV шақырылған Тарбағатай аудандық мәслихатының депутаты болып, қоғамдық
жұмыстарға да белсене қатысқан.
Қазіргі уақытта зейнеткерлік демалыста. Ақсуат ауылында тұрады.
