Протопопов В.В.

Протопопов В.В.

Протопопов Вячеслав Васильевич. 1954

Мәскеулік С.Г. Строганов атындағы жоғарғы көркем өндірістік училищесін бітірген (1977). Семей және Уфа көркем шеберханаларында жұмыс істеген. Семей Воскресенск соборында суретші қызметінде және шіркеу хорында әнші болған. АҚШ (Оклахома)-да тұрып, жұмыс істеген, православие храмын өрнектеп безендірген (2004-2009). 2010 жылдан Кемеров облысы Мыски қаласында тұрады (Ресей). Пейзаж, натюрморт, портрет жанрларында жұмыс істейді. Реалистік мектебін жақтаушы. Қалалық көрмелерге қатысушы, соның ішінде: жыл сайынғы «Күзгі салон» көрмесі (ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі. Семей 1992, 2002); Семей қаласында өткен алғашқы авангард көрмесі (Көрме залы. Семей, 1994); Новокузнецкіде жеке көрмесі (Ресей, 2010). «Жыл адамы» құрмет атағының иегері (Оклахома, США, 2006). Қазақстан СО мүшесі.