Айдарханов Мирхат Хисматұлы

Айдарханов Мирхат Хисматұлы

Айдарханов Мирхат Хисматұлы - экономика ғылымдарының кандидаты, доцент. Мирхат Хисматұлы 1955 жылы 4 шілдеде Семей қаласында дүниеге келді. 1977 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын бітірді. 1984-1989 жылдары Қазақ ССР экономика институтында ғылыми тәжірибеден өтіп, аспаритантурасын тәмамдаған. Алғашқы еңбек жолын Семей мемлекеттік медициналық институтында бастап, 1995 жылдан Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Микро және макроэкономика» кафедрасының меңгерушісі болып қызмет етуде. М.Х.Айдарханов экономика ғылымдарының кандидаты, доцент.

         2004 жылы арнайы АҚШ Білім департаментінің арнайы бағдарламасымен шағын және орта бизнес бойынша Америкада іс-тәжіриебеден өтіп, өз елінде мамандармен конференция ұйымдастырып тәжірибе бөлісті. Мирхат Хисматұлы  Айдарханов 2 монографиялық еңбектің, 7 оқулықтың, 60-қа жуық ғылыми-көпшілік мақалалардың авторы. Экономика ғылымы саласындағы  еңбектері халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялардың жинағына енгізілген (Чехия және Ресей елдерінде өткен конференция жинақтарына да енді).  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша 2007 жылы «Основы экономической теории»  оқулығы жарық көріп, 2008 жылы қайтадан толықтырылып басылды. 2004 жылы ғалымның «Микроэкономика» оқу құралы жарық көрді.

         2008 жылы қазан айының басында Мәскеу қаласында білім сапасын жақсарту, жетістіктерді насихаттау, өзара тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған көптеген шетелдік танымал оқу орындары қатысқан «Білім кеңістігі-2008» атты форумда М.Х.Айдархановтың «Основы экономической теории» атты еңбегі арнайы дипломмен марапатталды.

         Семей қаласында  Абай атындағы әмбебап кітапханада 2008 жылы ұйымдастырылған «Фолиант» баспасы өнімдерінің тұсаукесер рәсімінде М.Х.Айдархановтың «Основы экономической теории» атты оқулығы арнайы дипломмен марапатталды.