Сағымбаева Баян

Сағымбаева Баян

Сағымбаева Баян

Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері

Сағымбаева Баян 1951 жылы 14 наурыз айында Семей облысы Абай ауданы Қарауыл селосында туған. Алматы қаласынадағыҚыздар Педагогикалық Институтының музыкафакультетін бөлімін бітірген. Білімі жоғары. 1986-1998 жылдары Абай аудандық Мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі болып қызмет атқарған. 1981-1986жылдары Алматыдағы « Қазақконцерт» бірлестігінде әнші болып істеді. 1998-2000 жылдары Семейдің Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясында әнші болып қызмет атқарды.

2000-2006 жылдары М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжіне музыка бөлімінде ұстаздық қызметін атқарды.

2007 жылдан бастап Секен Тұрысбектің « Ақжауын» оркестрінде әнші болып қызмет атқарды.

1979 жылы Бүкілодақтық Ленин комсомол сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қызметкері, бірнеше рет Мәдениет Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Қ. Боқаев « Өнері өрге жүзер» атты повесін жазды. Шетелдерге іс сапарларда болған. Чехословакия, Венгрия, Румыния Турция. Репертуарындағы әндер, қазақ комзиторларының әндері, қазақтың халық әндері, халық композиторларының әндері. «Інжумажан», « Ақбақай», « Жалғыз Арша», « Ақмаңдайлым», « Іңкәрім-ай», «Бозторғай», « Туған жер», « Ән домбыра», «Ақсұңқарым» және т.б. Абай ауданында халық театрында 1966 жыл М. Әуезовтың « Қаракөз», 1967 жылы Москвада Б. Майлиннің « Жалбыр» музыка драмасында Хадишаны ойнаған, сол сияқты « Еңік», « Баян», « Қаракөз», «Әлима», « Рәпіш», « Ақтоты», т.б көптеген рөлдерде ойнаған.

Сағымбаева Баян өз өнер жолында Кеңес Одағының барлық республикаларында гастролдік сапарларда болған.