Өлмесеков Келдембай

Өлмесеков Келдембай

Келденбай Өлмесеков 1953 жылы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Жылытау ауылында дүниеге келген. 1977 жылы қазіргі Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжін бітірген. Әміре Қашаубаев атындағы Семей филармониясында қызмет істеген. Келденбай Өлмесеков Шәкәрім Құдайбердіұлының жиырмадан астам ән-күйлерін орындайды. Тек орындаушы ғана емес, терең білімді Шәкәрімтанушы, әрбір әннің шығу тарихын, туу себебін тыңдаушыға жете түсіндіре алатын тамаша насихатшы болған. «Шәкәрімнің музыкалық мұрасы» және «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» атты лекция-концерттерімен кең байтақ елімізді еркін аралады. Келденбай Өлмесеков Республикалық Әміре Қашаубаев атындағы халық әндерін орындаушылар конкурсының лауреаты;
Алматыда өткен музыкалық–зерттеушілер конкурсының дипломанты.