Малаев Серік Рамазанұлы

Малаев Серік Рамазанұлы

Малаев Серік Рамазанұлы

ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Малаев Серік Рамазанұлы 1952 жылы 2 қаңтарда Семей облысы, Аягөз ауданы, Қарақол селосында дүниеге келген. Мектеп бітірген соң 1970-1972 ж.ж. Армия қатарында болған.

1977 ж. Семейдің М. Төлебаев атындағы музыка училищесін аяқтап еңбек жолын жолдама бойынша Павлодар облысы Баянауыл музыка мектебінде және аудандық «Баян-сұлу» ансамблінде жетекші болып бастаған.

1982 ж. Алматының Құрманғазы атындағы мемлекеттік Консерваториясын ҚР халық артисі Қаршыға Ахмедьяровтың класы бойынша сырттай оқып бітірген.

1983-1988 ж.ж. Павлодар қаласындағы музыка училищесінде оқытушылық және оркестр жетекшілігі болып қызметтер атқарған. Осы оқу орнында алғаш домбыра класын ашып және Павлодар трактор жасаушылар заводының мәдениет сарайында ұлт-аспаптар оркестрін құрған.

1988 жылдан Семейдің М. Төлебаев атындағы музыка колледжінде оқытушы және оркестр жетекшілігін атқарады. 30 дан аса шәкірті Консерватория және Өнер Университеттеріне оқуға түскен. Көптеген оқушылары республикалық конкурстарда лауреат атанған. Көрнекті шәкірттерінен белгілі күйші, композитор Айбек Бекбосыновты атауға болады.

1992 ж. Ресейдегі ҚР елшілігінің ұйымдастыруымен желтоқсан айының 16 шы жұлдызында, Мәскеу қаласының П. И. Чайковский атындағы орталық концерт залында ҚР 1 жылдығына орай өткізілген концертте Республика атынан Семейдің облыстық филармониясының оркестріне жетекші болып дирижерлық қызмет атқарған. Осы мерекелік концертте ҚСРО халық артисі Бибігүл Төлегенова оркестр сүйемелдеуінде бірнеше әндер орындаған.

1995 ж. шәкірттерінен «Бәйге» атты домбырашылар ансамблін құрып, Ұлы Абайдың 150 жылдық, 1996 ж. Жамбылдың 150 жылдық мерей тойларында президент алдына өнер көрсеткен.

1997 ж. М. Әуезовтың 100 жылдық мерей тойы, 2003 ж. Ресейдің Барнауыл қаласындағы ШҚО күндеріндегі концерттерге қатысқан.

2011 жылы Өскемен қаласында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың ұйымдастыруымен “Наурыз көктем” атты іс-шарада 500 кісіден құралған домбырашылармен Республика Президентінің алдында Құрманғазының “Сарыарқа” күйін орындап дирижерлық өнер көрсеткен.

2011-2016 ж.ж. М. Төлебаев атындағы музыка училищесінде директорлық қызмет атқарды.

2014, 2018 ж.ж. Ресейдің Барнауыл қаласында өткен «Серебряные струны» атты халықаралық конкурстарға жюри құрамына шақырылған.

2015 жылы белгілі жазушы Т. Ибрагимовпен бірігіп «Шыңғыстау өңірінің шертпелері» атты жинағы ҚР Мәдениет және спорт министрігінің қолдауымен жарық көрді.

2017 ж. Өскемен қаласында ШҚО балалар музыка мектептерінің 60 тан аса домбырашы ұстардарына дәріс берді. 2022-2025жылға дейін Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясында дирижер қызметін атқарды.

Марапаттары:

1996 ж. «ҚР білім беру ісінің үздігі» төс белгісі,

2007 ж. «ҚР Мәдениет қайраткері» төс белгісі,

2015 ж. «Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы,

2015 ж. «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі,

2016 ж. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі,

2018 ж. «Астана 20 жыл» мерекелік медалі,

2020 ж. «Абай-175 жыл» төс белгі.

2024 ж. “Құрмет” ордені.

2025 ж. “Абай-180 жыл” төс белгі.