Бейсембеков Аймұхамбет Тұрсынбекұлы

Бейсембеков Аймұханбет Тұрсынбекұлы
Мәдениет қайраткері, сазгер, әнші
1947-жылы 04.01. Боротола қаласында ҚХР-да туған. 1932 – жылғы аштықта кеткен әке-шешесі, 1959- жылы туған жері Алакөл ауданына оралған. Аймұханбет 1966 – жылы Алматы облысы Алакөл ауданының Обуховка орта мектебін бітіріп, 1971 жылы Семейдің музыка училищесін, 1976-жылы Алматы мемлекттік консерваториясын бітірді. 1989 жылы Москваның Бүкіл одақтық білім жетілдіру иниститутында стажировкадан өткен. 1976- жылдан бастап, Семейдің М.Төлебаев атындағы музыка училищесінде ұстаз, ән және хор бөлімінің меңгерушісі болды. 1988-2010 – жылдары Семей облыстық филармониясының директор- көркемдік жетекші болып тағайындалып, 22 жыл басқарды. 2011- жылдан Семейдің мемлекеттік Шәкәрім атындағы университетінің профессор-ұстазы.
Бейсембеков А. - Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, республикаға танымал ақын- сатирик. Оның баспадан – «Бетің қисық болса», «Өмірдің өзі күлкі», «Бірі қалжың бірі шын», «Күлместерді күлдірген», «Қазағым-ай», «Сайтан алғыр сатира», «Сақ-сақ күген сатира», Абайдың 180 жылдығына арналған «Жазбаймын сатираны еріккеннен» - атты кітаптары жарық көрген. Бейсембековтің қазақ әдебиетіндегі «Қазақ сатирасының антологиясының» екі томдығын құрастырып шығарған еңбегін де ерекше атауға болады .
ҚР- Мәдениет министрлігінің бұқралық ақпарат құралдары конкурсының «Ең үздік сатира» номинациясының бас жүлдегері.
Республикалық «Абай әлемі» конкурсының бас жүлдегері.
Қазақстан жазушылар одағының Республикалық жазушы- сатириктерінің С.Адамбеков атындағы бәйгесінің бас жүлдегері.
Халықарлық «Жаңа ғасырға – жаңа ән» композиторлар байқауының бас жүлдегері. Танымал әнші А.Бейсембеков қазақтың әншілік өнерін насихаттап Франция, Италия, Гермения, Испания, Түркия, Қытай, Ресей т.б. шет елдерде өнер көрсетті.
Бейсембеков А. - республикаға танымал әнші-композитор. Оның орындауында 30- ға тарта Ариялар мен романстар, әлем халықтарының әндері Қазақ радиосының алтын қорына жазылған. 60-қа тарта ән, романстар, хорға, аспапқа арналған шығармалар жазған.
Профессор Бейсембеков жоғары және арнаулы орта білім беретін музыкалық оқу орындарының студенттеріне арналған 4 оқулықтың, 30-ға тарта ғылыми мақалалары, екі монографияның авторы.
Бейсембекоков А.Т. ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызыметкері, ҚР мәдениет қайраткері, Алматы облысы Алакөл ауданының кұрметті азаматы, ҚР Ұлттық «Астана – Байтерек» сыйлығының лауреаты.
