Вадинова Еркежан Джансериковна

Вадинова Еркежан Джансериковна
Вадинова Еркежан Джансериковна, 1994 жылы 18
қыркүйекте Мақаншы ауданында дүниеге келген.
2011 - 2014 жылдар аралығында Жүсіпбек Елебеков
атындағы республикалық эстрада, цирк колледжін «Драма театрының әртісі»
мамандығы бойынша оқып бітірген.
2018 жылы «Қайнар» академиясында «Қазақ тілі мен
әдебиеті» мамандығын игерді.
2018 жылдан бері Аягөз аудандық «Қозы Көрпеш-Баян
сұлу» мәдениет үйінде әртіс қызметінде. Ауданымызға, облысқа танымал жүргізуші.
2022 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және
спорт министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
2022 жылы Шығыс Қазақстан облысы көлемінде
ұйымдастырылған «Аяулы жас келін -2022» байқауынан 3 орын, 2023 жылы Абай
облыстық «Аяулы жас келін -2023» байқауынан 1 орын иеленді.
2023 жылдың қортындысы бойынша жастар саясатының
дамуына үлес қосып, ұлттық құндылықтар қалыптастырудағы шығармашылық табыстар
үшін аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
2023 жылы Абай облысы Ұржар ауданында өткен «Аяулы жас келін -2023» сайысында Ұржар ауданының әкімінен алғыс хат алды.
