Имангалиева Кульшат Талгатовна

Имангалиева Кульшат Талгатовна
Абай Қазақстан облысы, Аягөз
ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің
МКҚК «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» мәдениет үйінің
әртісі.
08.04.1979 жылы Семей облысы, Шұбартау ауданы,Баршатас
ауылында дүниеге келген. Семей қаласындағы Шәкәрім
атындағы университет , «музыка мүғалімі» мамандығы бойынша оқып бітірген.
2002 жылдан бастап Аягөз аудандық «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»
мәдениет үйінде халықтық ұлт аспаптар
оркестрінде әртіс қызметін атқарып келеді. Осы «Аягөз» ұлт аспаптар оркестрінің
құрамында республикалық, облыстық
байқауларында жүлделі орындарға ие болды.Сонымен қатар «Қозы Көрпеш» халықтық
театрында театрлық қойлымдарда
қатысып,өз өнерін көрсетіп жұр . 2020
жылы Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы
университет , «музыка мүғалімі» мамандығы бойынша бітірді.
2021 жылы ҚР Спорт және мәдениет
министрлігінің «Құрмет грамотасымен», 2022 жылы ҚР мәдениет және спорт
министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі»
төсбелгісімен марапатталады.
