Татимиева Назипа Райхановна

Татимиева Назипа Райхановна

ТАТИМЕЕВА НАЗИПА РАЙХАНҚЫЗЫ

Татимеева Назипа Райханқызы 1949 жылғы 16 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Лениногорск қаласында дүниеге келген.

1972 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының «Кітапханатану және библиография» факультетін тәмамдады. Еңбек жолын 1973 жылы Н.В. Гоголь атындағы облыстық кітапханада (қазіргі Абай атындағы) оқу залының меңгерушісі қызметінен бастады, кейін 1992 жылға дейін кітап сақтау бөлімінің меңгерушісі болды.

Кітап сақтау бөлімінде білімнің барлық салаларын қамтитын, басылымдардың түрлері мен типтері бойынша негізгі әдеби қор шоғырланған. Бөлім меңгерушісі ретінде Назипа Райханқызы кітапхана қорларын ұйымдастыруды, сақтауды, тиімді орналастыруды және пайдалануды, сондай-ақ қорларды қалпына келтіру мен консервациялауды қамтамасыз етіп, оқырмандардың сұранысын толық қанағаттандыруға бағытталған жұмыс атқарды.

Оның бастамасымен кітап сақтау бөлімінде бүкіл кітапхана қоры бойынша есеп жүргізуге мүмкіндік беретін кітаптардың есептік каталогы жасалып, жүргізілді. Бұл каталог кітапхананың барлық бөлімдеріндегі кітап қорын дәл есепке алуға жағдай жасады.

Назипа Райханқызының бастамасымен кітап сақтау бөлімінде XVIII ғасыр мен XX ғасырдың басына жататын сирек басылымдар қоры бөлініп шығарылды. Бұл қор бүгінгі күнге дейін облыстық кітапхананың алтын қоры болып саналады.

1980 жылдары Татимеева Назипа Райханқызы облыстық кітапхананың кәсіподақ комитетінің төрайымы болды. Кәсіподақ комитетінің төрайымы қызметін атқарған жылдары ол кәсіподақ жұмысын, нормативтік-құқықтық заңнамалық актілерді жақсы меңгерген, оларды кәсіподақ қызметінде шебер қолдана білетін белсенді кәсіподақ көшбасшысы ретінде танылды.

Татимеева Назипа Райханқызы – талапшыл, елгезек әрі ізгі ниетті адам. Ол ұжымда әрдайым жылы әрі сыйластыққа негізделген ахуал қалыптастыруға ұмтылды, әріптестері арасында лайықты құрмет пен беделге ие болды.