Акимова Мария Васильевна

Акимова Мария Васильевна

Акимова Мария Васильевна

Акимова Мария Васильевна 1934 жылы 25 жасында Н.В. Гоголь атындағы кітапханаға жұмысқа келеді. Ал 1941 жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасының жолдамасымен Зооветеринарлық институттың ғимаратында орналасқан Семей қаласына эвакуацияланған №3593 госпитальдың кітапхана-клубының меңгерушісі болып тағайындалады.

Госпитальда жұмыс істей жүріп, Мария Васильевна жараланған жауынгерлерге рухани қолдау көрсетуге үнемі күш салды. Оның бастамасымен госпитальда алдын ала дайындалмаған, уақытша сахнада концерттер ұйымдастырылып, саяси ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ Украинадан келген «Франко театры» өнер көрсетті.

Мария Васильевна госпитальдағы жұмысында тек мәдени-ағартушылық және үгіт-насихат қызметімен ғана шектелмей, медициналық қызметкерлерге де үнемі қол ұшын созды. Ол ауыр жараланған сарбаздарды вагондардан түсіруге көмектесіп, оларды госпитальға қабылдады, қажетті құжаттарды рәсімдеді, науқастардың қасында кезекшілік атқарды, таңу жұмыстарын жүргізді, госпитальдан шығарылған, әскерден босатылған жауынгерлерді үйлеріне жеткізді.

Әскери госпитальдағы жанқиярлық еңбегі үшін Акимова Мария Васильевна «Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталды.

1950 жылы Мария Васильевна Н.В. Гоголь атындағы кітапханаға қайта оралып, зейнеткерлікке шыққанға дейін оқу залының меңгерушісі болып қызмет атқарды.

Кітапханада жұмыс істеген жылдары Мария Васильевна Мәдениет министрлігі мен Республика Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. 1957 жылы оған «Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» атағы берілді.

Мария Васильевна «Республика алдындағы ерекше еңбегі үшін» медалімен марапатталған, қаламыздың дербес зейнеткері болып табылады.

Зейнетке шыққаннан кейін де Мария Васильевна барлық жаңалықтардан хабардар болып, кітапсыз және оқусыз бір күнін елестете алмады. Ол кітапхана ұйымдастырған іс-шараларға қатысып, жас кітапханашылармен өз жұмыс тәжірибесімен және ақыл-кеңестерімен бөлісіп отырды.