Әділбекова Камал

Әділбекова Камал
Әділбекова Камал 1942 жылы 1 қаңтарда Семей облысы, Ақсуат ауданы, Көкжыра ауылында дүниеге келген. Орта білімді Көкжыра ауылындағы Мұхтар Әуезов атындағы орта мектептен алған. 1959 жылы Семей қаласындағы Абай атындағы кітапхана техникумына оқуға түсіп, 1962 жылы аталған оқу орнын кітапханашы мамандығы бойынша табысты тәмамдады.
Еңбек жолын 1963 жылы туған ауылы Көкжырада кітапханашы болып бастап, мәдениет саласына бар ғұмырын арнады. 1965–1967 жылдары Аудандық партия кабинетінде кітапханашы қызметін атқарып, өз ісіне деген жауапкершілігімен көзге түсті. 1972 жылы мектеп кітапханасында қызмет етіп, жас ұрпақтың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыруға зор үлес қосты.
1980 жылдың 1 қаңтарынан бастап аудандық орталық кітапхананың кітап қорын толықтыру бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалып, бұл салада мол тәжірибе жинақтады.Кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінің кітапханашысы ретінде көпжылдық адал еңбегімен кітапхана қорының жүйелі қалыптасуына зор үлес қосты.
Ұзақ жылғы адал еңбегі еленіп, 1988 жылы Аудандық құрмет тақтасына ілінді. 1992 жылы зейнеткерлік жасқа шыққанымен, еңбекке деген сүйіспеншілігін жоғалтпай, 1997 жылға дейін қызметін жалғастырды.
Қоғамдық-саяси өмірге де белсене араласқан Камал Әділбекова 1964 жылдан бастап КПСС мүшесі болды.
2018 жылы- мәдениет саласына сіңірген ерен еңбегі үшін «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
