Саягуб Светлана Орынгазыевна

Саягуб Светлана Орынгазыевна

Саягуб Светлана Орынғазықызына

Светлана Орынғазықызы 1959 жылдан 21желтоқсаныңда бұрынғы Семей облысы, Аягөз қаласында дүниеге келген. 1977 жылы Жарма станциясындғы № 237 Теряев П.И. атындағы орта мектепті бітіріп, Семей қаласындағы Абай атындағы кітапхана техникумына оқуға түсті.

Саягуб Светлана Орынғазықызы өзінің еңбек жолын 1979 Жарма ауданының Қапан Бұлақ ауылындағы Қызыл-Жұлдыз (қазіргі Т. Хасенов атындағы) орта мектебінің мектеп кітапханасынан бастады. 1988-1990 жылдар аралығында Семей қаласындағы Орталық кәсіподақ кітапханасында бөлім меңгерушісі болып қызмет етті.

1985 жылдары Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық институтының кітапхана ісі факультетіне түсіп, 1990 жылы аяқтап, жоғары дәрежелі кітапханашы-библиограф мамандығын алды.

Светлана Орынғазықызы Абай атындағы әмбебап кітапханасында 1990 жылдан 2019 жылы зейнетке шыққанға дейін қызмет етті. 1995-1998 жылдар аралығында осы кітапхананың Әдістеме бөлімінің меңгерушісі. 1998 жылы Мерзімді басылымдар бөлімінің меңгерушісі. 2007 жылы Өнер бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2013 жылы маусым айында жаңадан ашылған Кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етіп, өзін білікті маман, шебер ұйымдастырушы ретінде көрсетті.

Светлана Орынғазықызы өзі қызмет істеген жылдары оқырмандарға әлемдік, ұлттық мәдениеттің жетістіктерін насихаттау, ұлттық өркениеттің құндылықтарын бағалай білуге баулу, өнер адамдарының өнегелі өмірін оқырмандарға таныту мақсатында «Өнер өлкесінде» клубын ұйымдастырып, клуб аясында көптеген игілікті мәдени іс-шаралар өткізді. Мемлекеттік тілді терең әрі сауатты меңгергендіктен кітапханадағы баспа жұмыстарының тұрақты редакторы болды.

Кітапхананың әдістемелік орталық ретінде беделін көтеруде жыл сайын жылдық есептің өз дәрежесінде жазылып, тапсырылуына үлес қосып отырады. Ол қала көлеміндегі қоғамдық шараларды ұйымдастыруға, оның өз дәрежесінде өтуіне үнемі ат салысты.

Семей, Қурчатов қалалық кітапханалары, Абай, Қайнар, Бородулиха, Бесқарағай ОКЖ-і, Мұқыр ауылдық кітапханасы және зағиптар мен көздері нашар көретін азаматтар үшін арнайы Семей кітапханасының кітапханашыларының білімдерін шыңдау мақсатында стажировкалар, семинар-тренингтер ұйымдастырды.

Светлана Орынғазықызы басшылығымен бөлім қызметкерлері әдістемелік орталық ретінде кітапханамызға қарасты аталған аудан кітапханаларына іссапарға шығып, әдістемелік-практикалық көмек көрсетіп отырды. Бесқарағай, Қайнар, Абай, Бородулиха аудандық кітапханалары пайдаланушыларымен әр түрлі тақырыптарда онлайн-кездесулер өткізді. Үнемі аудан кітапханаларына онлайн-кеңестер беріп тұрды.

Светлана Орынғазықызы бөлімінің меңгерушісі ретінде талап қойғыштығы, әрі адамдармен тіл табысуы ұжымда үлкен құрметке ие болды.

2002 жылдан «Нұр Отан» партясының мүшесі. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін Семей қаласындағы Көпсалалы колледжінің «Кітапхана ісі» бөлімінде бірнеше жыл ұстаздық етті.

Светлана Орынғазықызы өзінің өмірінің 42 жылын кітапхана ісіне арнады. 2014 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «Кітапхана ісінің ардагері», 2018 жылы «Кітапхана ісінің шебері» төсбелгілерімен және көптеген алғыс хаттармен марапатталған.