Айгожина Гульмира Мухамет-Кызыровна

Айгожина Гульмира Мухамет-Кызыровна 1968 жылы 22маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Ақ Бұлақ
ауылында (с.Горное) дүниеге
келген.
1990 жылы Н. К.
Крупская Семей педагогикалық институты көркемсурет және графика факультетіне
оқуға түсіп, 1995 жылы «Бейнелеу өнері, сызу мұғалімі және
сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырушы» мамандығы бойынша бітіріп, диплом алды. Семейдегі Шәкәрім университетінің көркемсурет
және графика факультетін аяқтағандықтан,формамен, түспен және
композициямен жұмыс істеу табиғи және түсінікті процесс.
Өз жұмысында отандық, қазақстандық жүнді
пайдаланғанды жөн көреді. Бұл отандық
шикізатты қолдау ғана емес, сонымен бірге жағымды және сенімді жұмыс істейтін
ерекше сапа.
Павлодар қаласында жеке көрмесін ашқаны үшін облыстық тарихи-өлкетану
мұражайының Алғыс хатын алған. Абай
облысы бойынша «Бір ауыл-бір өнім» жобасының финалисті. Мәдениет,
тілдер және мұрағат департаментінен
«Көшпенділер ойындары» атты 5 Дүниежүзілік жәрмеңкесіне қатысқаны
үшін алғысхат иегері атанған.
Павлодар қаласында. Қ. Сәтбаевтың 125 жылдығына
арналған Орталық Азия шеберлері жәрмеңкесіне қатысқан. «Асыл
мұра» сәндік-қолданбалы өнер
бойынша республикалық конкурс-фестиваліне қатысқан.
