Сейтқазин Болат Кабденович

Сейтқазин Болат Кабденович

Сейтқазин Болат Кабденович

Абай облысы, Аягөз ауданының  мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт  бөлімінің  МКҚК «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» мәдениет үйінің  хореографы.                                 

         Сейтқазин Болат Кабденович 1985 жылы 30 қыркүйекте Семей облысында, Ұржар ауданында , Таскескескен ауылында  дүниеге келді. 1992 жылдан 2001 жылға дейін Таскескен ауылында  Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің 9 сыныбын бітірді. 2001 - 2004 жылдар аралығында Семей қаласындағы М.Төлебаев атындағы музыка колледжінің, «хореография» мамандығы бойынша  тәмәмдады. 2004-2007 жылдары Аягөз қаласында аудандық «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» мәдениет үйінде еңбек жолын бастадым. 2005-2008 жылдары, сырттай Шымкент қаласының Қ.А. Ясауи атындағы қазақ-түрік университетін, хореография мамандығымен бітірді. 2008 – 2010 жылдары Астана қаласында Президенттік «Наз» ансамблінде биші болып жұмыс істеді.2013-2015 жылдары Семей қаласында «Еураз шоу»  ән- би ансамблінде балетмейстер жұмысын атқарды.2017-2019 жылдары Туркияның Белек қаласында би театрында биші болып және Украина мемлекетінде Харьков қаласында бишілер тобында  жұмыс істеді. 2019-2021 жылдары Ұржар ауданы Таскескен ауылында ауылдық  мәдениет үйінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.2021 жылдан бастап Аягөз қаласында аудандық «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» мәдениет үйінде хореограф болып жұмыс істейді. 

    Шығармашылық еңбек жолындағы жетістіктер:Украина мемлекетінде2018 жылы Бүкіл украиналық хореографиялық өнер фестивалінде 2 орын,  2019 жылы 5-ші Халықаралық фестиваль- байқауда 1 орын, 2020 жылы «Рухани қазына -2020» Республикалық байқауында «Рамазан Бапов атындағы арнайы жүлде»,2022 жылы Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің   «Құрмет Грамотасы»,2024 жылы Өскемен қаласында Халықаралық байқау- фестивалі «Көктем фест» -  бас жүлде, 2024 жылы  үздік мәдениет қызметкері  аталып « Жыл тандауы -2024»  марапатталды. Сонымен қатар, көптеген облыстық , аудандық алғыс хаттармен марапатталды. Жылда өзінің шығармашылық еңбегін халыққа көрсетіп қорытынды концертін береді , 6 шәкірті М.Төлебаев атындағы музыка колледжінің «хореография» бөлімінде грантқа ие болып,  би өнерін меңгеруде.