Құрманбаева Камилла Жаудатқызы

Құрманбаева Камилла Жаудатқызы

Құрманбаева Камилла Жаудатқызы «Бибігүл» қазақ халық аспаптары оркестрінің аспапшы әртісі.

1995 жылы 15 наурызда Семей қаласында дүниеге келген.

Білімі:

• 2003–2010 жж. — Семей қаласының №2 балалар музыка мектебі.

• 2011–2015 жж. — Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училищесі (Семей қ.). Мамандығы: «ішекті-оркестр бөлімі», виолончель класы. Біліктілігі: балалар музыка мектебінің оқытушысы, оркестр және ансамбль артисі.

• 2019 ж. — Қазақ ұлттық өнер университеті (Астана қ.). Мамандығы: «Аспаптық орындаушылық (ішекті аспаптар), виолончель». Дәрежесі: өнер бакалавры.

Еңбек жолы:

• 2019–2020 жж. — Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы, симфониялық оркестр артисі.

• 2019–2020 жж. — Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театры, симфониялық оркестр артисі.

• 2020 ж. — қазіргі уақытқа дейін — Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясы, «Бибігүл» қазақ халық аспаптар оркестрінің артисі (Семей қ.).

• 2021–2023 жж. — Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясы, эстрадалық-симфониялық оркестр артисі (Семей қ.).

Педагогикалық қызметі:

• 2020 ж. — қазіргі уақытқа дейін — Семей қаласының №1 балалар музыка мектебі, виолончель класы бойынша педагог-модератор, виолончельшілер ансамблінің жетекшісі.

• 2021 ж. — қазіргі уақытқа дейін — Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училищесі (Семей қ.), концертмейстер-иллюстратор.

• 2025 ж. — қазіргі уақытқа дейін — Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училищесі (Семей қ.), виолончель класы бойынша оқытушы.

Марапаттары:

• 2024 ж. — «Дарын» облыстық ғылыми-әдістемелік орталығының Алғыс хаты.

• 2024 ж. — Теміржан Базарбаев атындағы IV Халықаралық фестиваль-байқауының Алғыс хаты.

• 2025 ж. — «Dialogue of cultures – 2025» III Республикалық байқауының Алғыс хаты.

• 2025 ж. — Латиф Хамиди атындағы VI Халықаралық фестиваль-байқауының Дипломы.

• 2025 ж. — Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Алғыс хаты.