Смагулова Айнур Байдоллаевна

Смагулова Айнур Байдоллаевна

СМАГУЛОВА АЙНУР БАЙДОЛЛАЕВНА

 

Мен, Смагулова Айнур Байдоллаевна, 1983 жылы Семей облысы, Мақаншы ауданында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. Орыс тілінде еркін сөйлеймін.

1989 жылы Мақаншы ауданындағы Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектептің 1-сыныбына қабылданып, 2000 жылы аталған мектепті аяқтадым.

2001 жылы Семей қаласындағы М.Төлебаев атындағы саз колледжінің КНИ бөліміне «Домбыра-күй» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2005 жылы колледжді қызыл дипломмен бітірдім.

2007 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне сырттай бөлімге оқуға түсіп, 2010 жылы жоғары білім алдым.

2010 жылдан бастап А.Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның «Бибігүл» қазақ оркестрінде оркестр артисі қызметін атқарып келемін.

Сонымен қатар, 2018–2023 жылдар аралығында НЗМ (НИШ) орта мектебінде мектеп оқушыларына домбыра аспабынан сабақ бердім.