Жұмағазинов Ілияс Озханұлы

ЖҰМАҒАЗИНОВ ІЛИЯС
ОЗХАНҰЛЫ
1990
жылы 10 сәуірде Семей қаласында дүниеге келген.
1996
жылы «№ 30 орта мектеп» КММ бірінші сыныбына барды. Бала кезінен ауладағы
барлық балалар сияқты футболға әуестенген. Тағы бір әуестенушілік музыка болды.
2000 жылы Л.Хамиди атындағы № 2 музыка мектебіне Тромбон сыныбы бойынша оқуға
түсті. 2002 жылы футбол бойынша Аула клубтары арасындағы қалалық жарыста
«Зенит» футбол командасымен бірге 1-орынды иеленді. 2005 жылы орта мектептің 9
сыныбын және музыка мектебінің 5 сыныбын бітіріп, М.Төлебаев атындағы музыка
колледжіне Тромбон сыныбы бойынша «Үрмелі және соқпалы аспаптар» бөліміне
түсті. Сонымен қатар клавишалы аспаптарда ойнауды ұнататын. 2009 жылдан М.Төлебаев атындағы Музыкалық
колледжін бітірген. «Ансамбль және оркестр әртісі, көркемөнерпаздар оркестрінің
дирижері» мамандығы бойынша орта арнайы білім алған. Колледжде оқыған кезінде
белсенді болып, концерттерде және басқа да қалалық іс-шараларда жиі өнер
көрсеткен. Түрлі үйірмелерге барды. «Достық ұшағы» қазақ қоғамында «Қоғамдық
келісім орталығы - облыстық Достық үйінің» ғимаратында болды
2009-2013
жылдары 28738 әскери бөлімінің Бірінші әскери қалашығында Клуб бастығының
орынбасары қызметін атқарды. Белсенді болған, ҚР Әскери бөлімдері арасында
түрлі концерттер мен іс-шараларға қатысқан. 2013
жылдан 2023 жылға дейін «Абай облысы Семей қаласының мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі» ММ «Семей қалалық мәдениет сарайы» КМҚК-да «аспапшы-әртіс»
ретінде жұмыс істеді 2024 жылдан бастап осы күнге дейін Абай облыстық мәдениет,
тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының «Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік
филармония» КМҚК-да вокалдық-аспаптық ансамбль құрамында «аспапшы-әртіс» құралы
синтезаторы (Клавишные) лауазымында жұмыс істеймін
Адал
әрі жауапты жұмысы үшін ол 2024 жылдың желтоқсанында жаңа жыл қарсаңында және
2025 жылдың желтоқсанында Әміре Қашаубаев атындағы филармонияның 80 жылдық
мерейтойы қарсаңында екі алғыс хатпен марапатталды.
