Талапхан Ерболат Жұмабекұлы

Талапхан Ерболат Жұмабекұлы

Талапхан Ерболат Жұмабекұлы «Бибігүл» қазақ халық аспаптары оркестрінің аспапшы әртісі.

 

1998 жылы 11 мамырда Семей қаласында дүниеге келген.

2017 жылы Семейдің Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесінде «домбыра» мамандығын бітірді.

2021 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірді.

2021 жылдан бастап М. Төлебаев атындағы музыка училищесінде оқытушы, және Әміре Қашаубаев филармонясының «Бибігүл» халық аспаптар оркестрының домбырашысы болып жұмыс істейді.

 

Жетістіктері

 

1. 2017 жылы IX Республикалық кіші олимпиада байқауында III орынға ие болған.

 

2. 2018 жылы Төлеген Момбековтың 100 жылдығына арналған домбырашылар байқауында Дипломант атанды

 

3. 2020 жылы. Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында «Құлақтан кіріп, бойды алар» Халықаралық домбырашылар байқауында

II  дәрежелі   лауреат атағына ие болған.

 

4. 2022 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің ұйымдастыруымен өткен Республикалық «Шептпе күй» конкурсында Дипломант атағына ие болған.

 

5. 2023 жылы Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған күйші-сазгер  Қожеке Назарұлының 200 жылдығына арналған   «Тарту» атты республикалық күйшілер байқауында Бас жүлдеге ие болған.             

 

6. 2024 жылы Қазақ КСР-інің Халық артисі, дәулескер күйші Рүстембек Омаровтың 105 жылдығына арналған 1 республикалық «Жастық шақ» атты домбырашылар конкурсында 3-дәрежелі лауреат атағына ие болды.

 

7. 2025 жылы Тәттімбет Қазанғапұлы атындағы IX Республикалық халық аспаптарында күй орындаушылар конкурсының домбыра номинациясы бойынша Дипломант атағына ие болған.

1.  Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының Алғыс хаты.2022 жыл.

2. Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Диплом 2022 жыл.

 

3. Абай облысы білім басқармасының алғыс хаты «WorldSkills Abai 2024» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатын ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін.2024 жыл.

 

4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Роза Бағланова атындағы Қазақ концерт» алғыс хат 2023 жыл.

 

5. Қазақстан Республикасы Абай облысы Семей қаласы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Алғыс хаты.2024 жыл.

 

6. Абай облысы Семей қаласы ішкі саясат бөлімі  Алғыс хаты 2024 жыл.

 

7. Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі алғыс хаты 2024 жыл.

 

8. Абай облысы білім басқармасы алғыс хат 2024.

 

9. Абай облысы Семей қаласы жастар ресурстық орталығы алғыс хат 2024

 

10. Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясы алғыс хат 2025

 

11. Абай облысы білім басқармасы алғыс хат 2025.

 

12. Абай облысы білім басқармасы құрмет грамотасы 2025.