Такишов Айдос Қадыржанұлы

Такишов Айдос Қадыржанұлы – филармонияның әртіс солисті.
2001 жылы 14
наурызда Семей қаласында дүниеге келген
2007 жылы «№ 10
орта мектеп» КММ бірінші сыныбына барды, 11 сыныпты бітіріп, 2018 жылы қоғамдық
қызметі үшін көптеген наградалармен бітірді
2018 жылдан бастап
Шәкәрім атындағы университетті филология факультетінде оқып, 2022 жылы бітірді
және «Шет тілдері, екі шет тілі» мамандығы бойынша толық жоғары білім алды,
университетте оқыған кезінде белсенді болды және ЖОО шеңберіндегі концерттерде
және басқа да іс-шараларда жиі өнер көрсетті.
2020 жылдан 2022
жылға дейін «Қоғамдық келісім орталығы - облыстық Достық үйі» КММ жанындағы
Неміс жастары клубында музыка оқытушысы болып жұмыс істеді.
2023 жылдан 2024
жылға дейін «Абай облысы Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»
ММ «Семей қалалық мәдениет сарайы» КМҚК-да «әртіс-аспапшы» электрогитар құралы
лауазымында жұмыс істеді.
2024 жылдан бастап
осы күнге дейін Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі
басқармасының «Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармония» КМҚК-да
«аспапшы-әртіс» лауазымындағы вокалдық-аспаптық ансамбль құрамында электрогитар
құралы болып жұмыс істеймін.
Адал әрі жауапты
жұмысы үшін 2024 жылдың желтоқсанында жаңа жыл қарсаңында және 2025 жылдың
желтоқсанында Әміре Қашаубаев атындағы филармонияның 80 жылдық мерейтойы
қарсаңында екі алғыс хатпен марапатталды.
