Амантай Әліпұлы Әліпов

Амантай Әліпұлы Әліпов
2 наурыз 1945 жылы Ақсуат ауданы Қызыл кесік ауылында дүниеге келді. 1972
жылы Семей қаласындағы М.Төлебаев атындағы музыкалық училищесінің домбыра класы
бойынша бітірген. 1974 жылыдан
зейнеттік демалысқа шыққанша Үржар аудандық балалар музыка мектебінің ұстазы қызметін атқарды. Амантай Әліпов Үржар ауданында тұңғыш қазақ
халық аспаптар оркестрін құрып, дамуына көп еңбек сіңірген. Қазіргі таңда Үржар
ауылдық округінің ардагерлер ансамблінің белсенді мүшесі. Бүкілодақтық көркемөнерпаздар байқауының бірнеше
дүркін лауреаты, Білім Министрлігінің Құрмет грамотасы , облыс, аудан әкімінің Құрмет грамоталарымен
марапатталған. Амантай Әліпұлы- 3 күй,
30-ға тарта әндердің авторы, белгілі күйші.
