Қадырмұрат Мирас Жеңісұлы

Қадырмұрат Мирас Жеңісұлы

                                                   Өмірбаян
     Қадырмұрат Мирас Жеңісұлы -      Музыка мекетебіндегі оқуы барысындағы өнер жолында жыл сайынғы өтетін «Жас талант», «Орыс-Славян мәдени күндері» байқауларының лауреаты атанып, ҚР тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен өтетін облыстық «Дельфий ойындары»-атты өнер додасының «Гран-При» жүлдесін жеңіп алған.
    2009-жылы Алматы П.И.Чайковский атындағы музыкалық колледжіне домбыра мамандығы бойынша оқуға қабылданып, осы өнер ордасының қабырғасында оқып жүріп ҚР  Білім және Ғылым министрлігінің қолдауымен өтетін 33 Республикалық орындаушылар байқауының 3-ші дәрежелі лауреаты атанып, Армения мемлекетінің Гюмри қаласында өткен, Халықаралық «Возрождение» байқауының 1-ші дәрежелі жүлдесін жеңіп алған. Колледж қабырғасында оқып жүріп оқу орынының қоғамдық өміріне белсене араласып, «ӨНЕРТАУ» студенттер қоғамын құрып, осы жастар ұйымының президенті болған.
     2012 жылы ҚР тұңғыш Президенті, Елбасы – Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатын иеленген.
     2009-2013 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясында домбыра мамандығы бойынша білім алған.    
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған күйші-композиторлардың сайысында өзінің «Қасқыр заман» атты авторлық күйімен жүлделі 1-ші орынды жеңіп алған. «Қазақпын» атты авторлық әні Астана қаласында өткен Республикалық радио фестивальда жүлделі 1-ші орынға ие болған.
     Мирас Қадырмұраттың өлеңдеріне жазылған әндерді Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткерлері, көптеген эстрадада жұлдыздары шырқап жүр. Атап айтар болсақ: Мақпал Жүнісова «Сағыныш» әні, Ренат Гайсин «Сүйемін» әні, Мадина Сәдуақасова «Жұлдызым», «Мөлдір елес», «Армандар орындалады», «Болшы жанымда», «Гүлдер», «Періштем», «Әлдилесін мөлдір махаббат», «Жүрек-теңіз», «Қысқы жауын» әндері, Сәкен Майғазиев «Қазақстан» әні,  Сырымтай Еңсепов «Ару Алматым», Dinaya «Ұмытпаймын» және «Жалғыз сен» әндері, Ержан Максим «Туған өлкем» әні, Арман Қоңыр және Аша Матай «Жараламағын» және «Күнім» әндері, Luina «Кімсің» әні, «Хассақ» этно-фольклорлы ансамблінің «Аманат», «Жастар думаны», «Қыз қуу», «Хассақнама» туындылары бар.   Данэлия Тулешованың орындауындағы ҚР Ұлттық Олимпиадалық Комитетінің гимні Мирас Қадырмұраттың өлеңіне жазылған.
2017 жылы Қазақстан эстрада жұлдыздарының орындауындағы Мирас Қадырмұраттың өлеңіне жазылған, Ренат Гайсинның «Гүлдей бер, Астана» атты әнінің бейнебаяны «Хабар» теле арнасынының қолдауымен жарыққа шыққан.    Сонымен қатар, Мирас Қадырмұраттың өлеңіне жазылған Ренат Гайсинның «Бағала» атты әні, 2019 жылы ҚР Білім және Ғылым Министрлігі, «БӨБЕК» Ұлттық Ғылыми-Практикалық, Білім беру және Сауықтыру орталығының бастамасымен жарық көрген, жалпы орта білім беретін мектептің 10-шы сыныбына арналған «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» пәнінің оқулығына енген.
       
 
     Қадырмұрат Мирас Жеңісұлы - күйші, ақын. ШҚО, Үржар ауданы Жоғарғы Егінсу ауылында туған.   Оқушы кезінен  «Жас музыкант», «Орыс-Славян мәдени күндері» байқауларының, облыстық «Дельфий ойындарының» атты өнер додасының «Гран-При» жүлдесін жеңіп алған.
П.И.Чайковский атындағы музыкалық колледжін, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясында бітірген. XXXIII Республикалық орындаушылар байқауының   лауреаты, Халықаралық «Возрождение» байқауының 1-ші дәрежелі жүлдесін жеңіп алған.   ҚР тұңғыш Президенті, Елбасы – Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатын иеленген. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған күй сайысында  «Қасқыр заман» атты   күйімен   1-ші орынды иеленсе, «Қазақпын» атты әні республикалық радио фестивальда 1-ші орынға ие болған.  Мирас Қадырмұраттың өлеңдеріне жазылған әндерді   эстрадада жұлдыздары шырқап жүр.  М. Жүнісова «Сағыныш» әні, Ренат Гайсин «Сүйемін», "Гүлдей бер Астана", "Бағала" әндері, М.Сәдуақасова «Жұлдызым», «Мөлдір елес», «Армандар орындалады», «Болшы жанымда», «Гүлдер», «Періштем», «Әлдилесін мөлдір махаббат», «Жүрек-теңіз», «Қысқы жауын» әндері, С.Майғазиев «Қазақстан» әні,  С. Еңсепов «Ару Алматым», Dinaya «Ұмытпаймын» және «Жалғыз сен» әндері, Ержан Максим «Туған өлкем» әні, Арман Қоңыр және Аша Матай «Жараламағын» және «Күнім» әндері, Luina «Кімсің» әні, «Хассақ» этно-фольклорлы ансамблінің «Аманат», «Жастар думаны», «Қыз қуу», «Хассақнама» туындылары бар.   Д.Тулешованың орындаған ҚР Ұлттық Олимпиадалық Комитетінің гимні Мирастың өлеңіне жазылған.