Имашева Армангуль Тулегеновна

Имашева Армангуль Тулегеновна

        Имашева Армангуль Тулегеновна-аспапта орындаушы.(клуб меңгеруші) 1972 жылы Семей қаласында дүниеге келген.

       1989 жылы М.Төлебаев атындағы музыка училищесіне оқуға түсіп, домбыра-тенор мамандығы бойынша білім алды.

       1993 жылы еңбек жолын Семей қаласының Абай театрында бастады.

       1994 жылдан бастап С.Бекбосынов атындағы орта мектепте ән-күй пәнінің мұғалімі қызметін атқарды.

       2013 жылдан бастап «Абай аудандық мәдениет үйі» КМҚК-ның теңгеріміндегі Архат ауылдық клуб үйінің клуб меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

        Имашева Армангүл Төлегеновна мәдениет саласында еңбек ете жүріп, ауылдық және аудандық деңгейдегі көптеген мәдени-көпшілік іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастырып, көпшіліктің оң бағасына ие болып келеді. Оның жетекшілігімен өткізілген мәдени шаралар мазмұндылығымен, тәрбиелік мәнімен және ұйымдастыру сапасымен ерекшеленеді. Атап айтқанда, аудандық көркемөнерпаздар байқауы, «Тау гүлі» ансамблінің құрылғанына 45 жыл толуына орай өткізілген мерекелік іс-шара, түрлі тақырыптағы семинарлар, спорттық жарыстар, «Әжелер сайысы», «Келіндер сайысы», сондай-ақ қазақтың ұлттық тағамдарына арналған аудандық байқауларға белсене қатысып, бірнеше жыл қатарынан елдің жоғары бағасын алды.

        2016 жылы 21 мамыр күні Мәдениет және өнер қызметкерлері мерекесіне орай ұйымдастырылған облыстық «Үздік клуб меңгерушісі – 2016» байқауына қатысып, Бас жүлдеге ие болды.

       2016 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

       2025 жылы Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай өткізілген ұлы тойға атсалысқаны үшін төсбелгімен марапатталды.Қазіргі  уақытта  Архат  ауылдық  клуб  үйінде  меңгеруші  болып  жұмыс  жасауда