Шәкәрім Құдайбердіұлы

Шәкәрім Құдайбердіұлы – ағартушы, ақын, жазушы, аудармашы, сазгер, тарихшы және философ.
Шәкәрім Құдайбердіұлы Семей облысының Абай ауданынының Шыңғыстау бөктерінде туған. Әкесінен жеті жасынан жетім қалды десек те, Құнанбай қажының ерке немересі, Абайдай ағасы бар бала Шәкәрім материалдық жағынан да, рухани жағынан жоқшылық пен жетімдік көрмеді.
Бойында табиғи таланты, ақындық дарыны бар Шәкәрімнің өмірдегі ұстазы, мектебі, университеті – Абай болды. Шәкәрім ғылым-білім жолында бар өмірін сарп етті. Жеті жасынан өлең шығара бастаған дарынды бала жасы он бестен асқанда, ақылы кемелденіп, ой өрісі тереңдеп өсе бастайды, ғылым жолына қарай ойысып, ақындық өнерін де жарыққа шығара бастайды.
