Қалада жаңа ескерткіш бой көтерсе, біз көбіне оның дайын нәтижесін ғана көреміз. Ал оған дейінгі жұмыс әлдеқайда ертерек – алғашқы ұсыныс айтылған сәттен басталады.

Ескерткіш орнатудың өз тәртібі барын білесіз бе? Ендеше, оның негізгі қадамдарына тоқталайық.

📌 Ескерткіш орнатудың 7 кезеңі:

1. Ұсыныс және жоспар

2. Жер учаскесін анықтау

3. Республикалық шығармашылық конкурс

4. Үздік жобаларды іріктеу

5. Комиссияның қарауы

6. Жобаны мақұлдау немесе пысықтау

7. Жобаны іске асыру және орнату

Тағы бір маңызды талап – уақыт межесі. Жалпы жағдайда аса көрнекті тұлға қайтыс болған немесе маңызды тарихи оқиға орын алған күннен бастап кемінде 5 жыл өтуі тиіс.

Демек, ескерткіштің бой көтеруіне дейін оның тарихи маңызы мен сәулеттік-көркемдік шешімінен бастап, заңнамада белгіленген талаптарға дейінгі бірқатар мәселе ескеріледі.

📖 Ақпарат Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі №103 бұйрығымен бекітілген Монументтік өнер құрылыстарын орнату қағидаларына негізделген. Қағидалардың жаңа редакциясы 2024 жылғы 6 желтоқсандағы №578-НҚ бұйрықпен бекітілген.

Тарихи тұлғалар мен маңызды оқиғаларға арналған ескерткіштер – ұрпақ жадында қалатын құнды мұра. Сондықтан бүгін қабылданған әрбір шешім ертең тарихтың бір бөлігіне айналады.

Тарихты құрметтеу – оны сақтаудан басталады!

📍 «Абай облысының тарихи-мәдени мұрасын қорғау жөніндегі орталығы» КМҚК