ҚАРАҒАЙ 🎭
✔️ 11 қыркүйек 18:30
📌 билеттер TICKETON.KZ сайтында
АВТОР: ЖӘНІБЕК ӘЛІКЕН
РЕЖИССЕР: СЕРІКЖАН АЙТҚАЛИЕВ
СУРЕТШІ: ЖОЛАМАН ЖАНАБАЕВ
КОМПОЗИТОР: ДИДАР ИСАХАН
ХОРЕОГРАФ: АДЛЕТ ТАМЕНОВ
ЖАРЫҚ СУРЕТШІСІ: ОЛЖАС ҚАЛМЫРЗА
РЕЖИССЕР АССИСТЕНТІ: ҰЛАН ЗАМАНБЕК
РЕДАКТОР: ЕҢЛІК САМАТОВА
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұсынған «Таза Қазақстан» бастамасын арқау еткен «Қарағай» спектаклі – ар мен әділеттің, заң мен адамдықтың, туған жерге деген жауапкершіліктің тағдыр таразысына түскен тұсын бейнелейтін өткір әлеуметтік туынды.
Спектакль Шығыс өңіріндегі орман ішінде өрбитін оқиғаны арқау етеді. Сырттай қарағанда қарапайым қызметкерлердің тіршілігінен басталғанымен, біртіндеп қоғамның ең өзекті дерттерін ашады. Табиғатты қорғау міндеті жүктелген жандардың өз қолымен оны талан-таражға салуы, заңның аяққа тапталуы, билік пен байлықтың әділеттен жоғары қойылуы – бүгінгі шындықтың ащы көрінісі ретінде көрінеді.
Қойылымда адам мен табиғат арасындағы байланыс, жеке мүдде мен қоғамдық жауапкершілік, қорқыныш пен батылдық арасындағы тартыс шынайы әрі әсерлі суреттеледі.

