«Алакөл алаулары – 2026»: Бородулиха ауданының мәдениет күндері дүркіреп өтті!

«Алакөл алаулары – 2026»: Бородулиха ауданының мәдениет күндері дүркіреп өтті!

«Алакөл алаулары – 2026»: Бородулиха ауданының мәдениет күндері дүркіреп өтті!

🌊 22 шілде күнi Алакөлдің ғажап жағалауындағы Alazon Arena сахнасы ерекше өнер мен шабыттың орталығына айналды! Мұнда «Алакөл алаулары – 2026» фестивалі аясында Бородулиха ауданының мәдени күндері жоғары деңгейде аталып өтті.

✨ Кештің басты сәті — жарқын өнерпаздар мен жұлдызды құрам!

Аудан өнерпаздарымен бірге сахна төрінде елімізге танымал сүйікті әншілеріміз өнер көрсетіп, көрерменге ұмытылмас кеш сыйлады:
🌟 BAYANSULU
🌟 Ақбота Керімбекова
🌟 Бақыт Шадаева
🌟 Бейбіт Қорған
🌟 Гүлдана Ноғайбаева
🌟 Серік Исахан
🎶 Әсем ән мен жанды музыка!

Кешке жиналған мыңдаған көрермен жазғы кештің ерекше атмосферасын сезініп, өнерпаздармен бірге ән салып, ыстық ықыластарын білдірді. Бородулиха ауданының бай мәдениеті мен ән өнері көпшіліктің жүрегінен жол тапты.

📌 Фестиваль әлі аяқталған жоқ!

«Алакөл алаулары – 2026» өз жалғасын табады. Алда сіздерді бұдан да жарқын концерттер мен әсерлі кездесулер күтіп тұр!
Алакөлде жүздескенше!