Қабдеш Жұмаділовтың 90 жылдығына арналған сазды кеш өтті.

Қабдеш Жұмаділовтың 90 жылдығына арналған сазды кеш өтті.

Қазақстанның Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың туғанына 90 жыл толуына арналған мерейтойлық іс-шаралар аясында тағылымды сазды кеш ұйымдастырылды.

Кештің негізгі мақсаты – көрнекті қаламгердің бай әдеби мұрасын насихаттау, оның шығармалары арқылы ұлт тарихын, мәдениеті мен рухани құндылықтарын дәріптеу болды. Іс-шара барысында жазушының шығармаларынан үзінділер оқылып, оның өмір жолы мен шығармашылығына арналған естеліктер айтылды.

Сазды кеште өңірдің өнерпаздары мен мәдениет қызметкерлері қазақтың халық әндері мен күйлері орындалды. Сонымен қатар, Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығымен үндесетін әдеби-музыкалық композициялар ұсынылып, жазушының рухани мұрасын дәріптеуге ерекше мән берілді.

Кешке зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, мәдениет саласының қызметкерлері, жастар мен қала тұрғындары қатысып, қаламгердің қазақ әдебиеті мен ұлттық руханиятқа қосқан өлшеусіз үлесі туралы ой-пікірлерін ортаға салды.

Тағылымды кеш көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылық мұрасын ұлықтауға арналған мерейтойлық шаралардың маңызды бөлігіне айналды.