Руханият әлемі | Ruhaniatalemi.kz

Әуезов кенті “Мәдениет үйі„

Әуезов кенті “Мәдениет үйі„
Абай облысы Жарма ауданы Әуезов кенті Мәдениет үйі, 2021 жылы,квартал Б 36 ғимарат +7 72347 5 5357

Жарма ауданы әкімдігінің «Жарма аудандық Мәдениет сарайы»Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіп орынына қарасты Әуезов кенті мәдениет үйі.

1967 жылы Бақыршық клуб үйі құрылды. Онда кинотеатр залы болды . 1986 жылдан бастап Арман жастар шығармашылық орталығы Әуезов кенті амбулаториясының ғимарат бұрыншында орналасты. 2021 жылдан бастап Әуезов кенті Мәдениет үйі ашылды, қазіргі мекен жайы квартал Б 36 ғимарат. Мәдениет үйінде заманауи материальдық – техникалық жабықтармен қамтамасыз етілді.

Нақтытар айта өтсек 398 орындық көрермен залына лэд экран қойылды. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жедел саты қарастырылған. Үйірме жұмыстарына байланысты арнайы жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мәдениет үйінде кент тұрғындарына арналған кітапхана орналасқан. Кітап қоры 13мыңға жуық кітап құрайды.Кітапхана интернет жүйісімен арнайы компьютерлермен жабдықталған.

Жалпы ғимарат «БКӨК» ЖШС-нің қолдауымен « Ауыл –ел бесігі» атты мемлекеттік бағдарламамен 670 млн теңгеге салынды. Қазіргі таңда кент халқының игілігіне қызмет етуде.